Өңірлер

Нұр-Сұлтанда және бірнеше өңірде екінші ауысымдағы оқушыларға сабақ болмайды

© Sputnik / Владислав Воднев Школьники зимой
 Школьники зимой - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Кеше жауған жаңбырдан кейін тасжолдар мен қала көшелерін көк мұз басты. Күшті жел де ауа-райын нашарлатты. Қазақстанның бірнеше өңірінде оқушылар үшін сабақ тоқтатылды

НҰР-СҰЛТАН, 27 ақпан – Sputnik. Қазақстанның бірнеше өңірі мен Нұр-Сұлтан қаласында ауа райының нашарлауына байланысты мектептерде сабақ тоқтатылды.

Нұр-Сұлтан қаласы білім басқармасының мәліметінше, 27 ақпанда ауа райының қолайсыздығына байланысты қала мектептерінің екінші ауысымындағы 0-9 сынып оқушылары үшін сабақ болмайды.

Сондай-ақ, Теміртау мен Қарағандыда бірінші және екінші ауысымдағы 0-9 сынып оқушылары үшін сабақ тоқтатылды.

Оқи отырыңыз: Қыстың соңғы күндерінде ауа райы қандай болады 

Семейде бірінші ауысымның 1-11 сынып оқушылары, сонымен қатар колледждердің 1-2 курс студенттері оқымайды. Сабақтар жауын, жел мен көктайғаққа байланысты тоқтатылды. Курчатов қаласына да сабақ болмайды.

Қостанай облысында бірінші ауысымның 0-7 сынып оқушылары үшін сабақ тоқтатылды. Қарлы боран мен желдің салдарынан өңірде жолдың көрінуі нашарлады.

Павлодарда көктайғақ пен желдің салдарынан 1-11 сынып оқушылары үшін сабақ болмайды.

Жаңбырдан кейінгі көктайғақтың салдарынан Петропавлда 1-ден 11-ге дейінгі сыныптарға сабақ тоқтатылды.

Жаңалықтар
0