11:33 13 Шілде 2020
Тікелей эфир
  • USD412.55
  • EUR465.73
  • RUB5.79
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
1236 0 0

Тимур Алатаев басқарған топ жол бойындағы "Керуен" дәмханасында бір емес, бірнеше қылмыс жасағаны анықталды  

НҰР-СҰЛТАН, 6 наурыз – Sputnik. Қостанайда жігіттерді құлдыққа салып, қыздарды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген кәсіпкер сотталды. Дәмхана қожайыны 17 жылға бас бостандығынан айырылды.

Аудан тұрғындарын үрейде ұстаған ұйымдасқан топ өткен жылы құрықталған болатын.

Сот залындағы ақпараттарға сенсек, атышулы  Тимур Алатаев басқарған топ жол бойындағы "Керуен" дәмханасында бір емес, бірнеше қылмыс жасаған. Шағын дәмханаға жұмыс іздеп келгендердің еңбегін қанап, кейбіреуін күшпен құлдыққа салған. Қыз-келіншектерге зорлық-зомбылық көрсетіп, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген. Дәмханадағы қанды қылмыс Иван Косюктің өлімінен кейін әшкерленді. Ұйымдасқан топ 34 жастағы Меңдіқара тұрғынын шынжырмен байлап, құлдыққа салып қамауда ұстаған.

"Жәбірленуші Косюк қашпақ болған. Сол әрекеті үшін оны пеш жағатын жерде  шынжырға байлап тастаған. 2016 жылдың аяғы мен 2017 жылдың басында ол қамауда отырып, дәмхананың отын жаққан", - деп атап өтті Қостанай облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Жасұлан Асылбеков.

Аудан тұрғыны 2016 жылы алғаш рет ауруханаға ауыр халде түскен. Бірақ кімнің ұрғанын айтпай қойды, - дейді марқұмның анасы. Артынан анықталғандай оны кір қолымен табадан тамақ жегені үшін өлтіріп, денесін өртеп жіберген, деп хабарлады "Астана" арнасы.

"Әуелі қоңырау шалып хабарласып тұрды. Сосын смс хаттар жазатын болды. Кейін мүлдем хабарсыз кетті. Үйге келем деген кезінде келмеді. Содан кейін полицияға арыздандым", - дейді марқұмның анасы Екатерина Косюк.

Оқи отырыңыз: Бахрейнде қазақстандық қыздарды жезөкше болуға мәжбүрлеген

Бұрын полицияда жұмыс істеген Тимур Алатаев жұмысшыларына түрлі жаза қолданып, күш көрсеткен. Қасақана ұрып соққан. Қалың қарызым бар деп қолхат жаздырып, жәбірленушілерді заңсыз бас бостандығынан айырған.

"Хамам моншада клиенттерге қызмет көрсетуге мәжбүрледі. Айтқанға көнбесең балаңның көзін құртамын деп қорқытты. Қашатын болсаң, ұстап алып денеңді бөлшектеп тастаймыз деп шошытты. Ұрып-соқты. Үш рет зорлады", - дейді жәбірленуші Ирина Царёва.

Басты фигурант – Тимур Алатаев Қылмыстық кодекстің 10-бабымен айыпты деп танылды. Оны судья 17 жылға темір торға қамауға үкім етті. Ал оның екі сыбайласы Евдокимов 14, Абдулхаев 3 жылға бас бостандықтарынан айырылды. Үшеуі де жаза мерзімін қауіпсіздігі орта деңгейлі түзету мекемесінде өтейді. Сотталушылар Иван Косюктің анасына 5 миллион теңгеден астам моральдық өтемақы төлеуге міндеттелді.

Тақырып бойынша

"Бала 200 сомға құлдыққа сатылады": қырғыз халқы дүрлігіп кетті
Шымкентте аяғы ауыр келіншекті үш айы бойы жезөкше болуға мәжбүрлеген
Ресей азаматы 25 жыл Қазақстанда құлдықта болған - БАҚ
Қазақстандық қыз БАӘ-де секс-құлдықта болған – 18 жастағы бойжеткеннің аянышты тағдыры
Отыз жылын құлдықта өткізген ер адам арманы туралы айтты
Кілт сөздер:
құлдық, үрей
Загрузка...

Басты тақырып