19:17 25 Мамыр 2020
Тікелей эфир
  • USD414.46
  • EUR451.35
  • RUB5.77
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
2542 0 0

Солтүстік өңірлерде қар енді ери бастады. Ал оңтүстікте күн плюс жиырма градусқа дейін ыстық болып тұр

НҰР-СҰЛТАН, 15 наурыз — Sputnik. Елдің басым бөлігінде жаңбыр мен жылбысқы қар жауады, деп хабарлайды Қазгидромет. 

Синоптиктердің болжамына сәйкес, оңтүстік, оңтүстік-шығыс пен шығыста жауын-шашынсыз. Кей өңірлерде жел күшейіп, тұман және көктайғақ болады.

Өңірлердегі ауа райы

Солтүстік Қазақстан облысында тұман, көктайғақ, түнде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке, кей кезде екіпін 23-28 м/с-ке жетеді. 

Павлодар облысында тұман, көктайғақ, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр. 

Ақмола, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында тұман болады. Желдің жылдамдығы - 15-20 м/с.

Қарағанды, Қостанай облыстарында тұман, көктайғақ. Күндіз Маңғыстау, Қызылорда облыстарында жел күшейеді. 

Алматы облысында Жалаңашкөлде желдің жылдамдығы - 18-23 м/с. 

Атырау түнде және таңертең Ақтөбе облыстарында тұман түседі.

Ірі қалалардағы ауа райы

Елордада сынап бағанасы плюс 4 градусқа дейін көтеріледі. Желдің жылдамдығы: түнде 9-14, күндіз 3-8 м/с.

Алматыда 16 наурыз күні +20..22 °C, түнде +4..+6 °C. 

Дүйсенбі күні Шымкентте күн бұлтты. Күндіз +24 °C, түнде +8..10 °C.

Загрузка...

Басты тақырып