20:47 25 Мамыр 2020
Тікелей эфир
  • USD414.46
  • EUR451.35
  • RUB5.77
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
Коронавирус эпидемиясы (849)
2199 0 0

Экипажды қосқанда борта болған 12 адам әуежайда бірден оқшауланып, олардан анализ алынған. Қазір қыздың жағдайы бірқалыпты

АЛМАТЫ, 16 наурыз – Sputnik. Германиядан ата-анасымен бірге келген 12 жастағы қыз балалар жұқпалы аурулар ауруханасындағы жеке боксқа жатқызылды. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Коронавирус жұқтырған алты науқас ересектерге арналған жұқпалы аурулар ауруханасында емделіп жатыр. Ал Германиядан ата-анасымен бірге келген 2008 жылы туған қыз балалар жұқпалы аурулар ауруханасындағы жеке боксқа жатқызылды. Қазіргі уақытта қыздың жағдайы қанағаттанарлық", - делінген әкімдік ақпаратында.

Экипажды қосқанда борта болған 12 адам әуежайда бірден оқшауланып, олардан анализ алынған.

"Коронавирус тіркелген 7 науқастың жағдайы бірқалыпты. Барлық пациент бекітілген хаттамаға сәйкес ем алып жатыр. Науқастармен байланыста болған азаматтардың барлығы провизорлық стационарларға 14 күндік карантинге орналастырылды", - делінген ақпаратта.

Қазір Алматы қаласында 676 адам карантинде жатыр.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда баланың коронавирус жұқтырғаны анықталды - видео 

Алматы қаласының әкімдігі азаматтарды, әсіресе, үй жағдайында карантинде жатқан азаматтарды өзінің және басқалардың денсаулығы үшін барынша жауапкершілікпен қарап, санитарлық-гигиеналық ережелерді ұстануға, ауру белгілері байқалған жағдайда өзін-өзі оқшаулауға шақырды.

Соңғы мәлімет бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны – тоғыз адам, екеуі – Нұр-Сұлтан қаласында, жетеуі – Алматыда.

16 наурыздан бастап Қазақстанда төтенше жағдай жарияланды. Ол 2020 жылдың 15 сәуіріне дейін жалғасады.

Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (849)

Тақырып бойынша

Тоқаев халыққа үндеуін нешеде жасайтыны белгілі болды
Коронавирус жайлы жалған ақпарат таратқан әйел қамалды
Мешіттерде залалсыздандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр
Қазақстан үкіметі мен парламенті онлайн режимге көшті
Коронавирус қағаз ақша арқылы жұғуы мүмкін – ДСҰ
Нұр-Сұлтанда түнгі клубтар жабылып, дәмханалардың жұмыс уақыты шектелді
Кілт сөздер:
Алматы, коронавирус
Загрузка...

Басты тақырып