15:52 07 Маусым 2020
Тікелей эфир
  • USD399.67
  • EUR452.95
  • RUB5.82
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
Коронавирус эпидемиясы (885)
1474 0 0

Түркістан облысында коронавирус туралы жалған ақпарат таратқан азаматтардың ісі қаралып жатыр. Мұндай қылмысқа 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған

НҰР-СҰЛТАН, 18 наурыз – Sputnik. Түркістан облысында коронавирусқа қатысты жалған ақпарат таратқан 3 адам тергеліп жатыр. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте полиция департаментінің бірінші орынбасары Әбдіғани Сейдуалиев мәлімдеді.  

Полицейлер жалған ақпарат таратқан азаматтар Қазақстан Қылмыстық кодексі бойынша жауапкершілікке тартылатынын ескертті.

"Қылмыстық кодекстің 274-ші бабы "Көрінеу жалған ақпарат тарату" деп аталады және оның санкциясында 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көрсетілген. Мәселен, облыста Мақтаарал, Шардара аудандары мен Кентау қаласында 3 дерек тіркелді", - деді Әбдіғани Сейдуалиев.

Олар коронавирусқа байланысты жүріп жатқан оқу-жаттығу жұмыстарын ұялы телефонға түсіріп, сол өңірлерде оба тарап жатыр деген мағынада бейнематериалдарды әлеуметтік желілерде таратқан. Қазір тергеу амалдары жүруде, деп хабарлады өңірлік коммуникациялар қызметі.

Айта кетейік, Қазақстанда 33 адам коронавирус жұқтырды. Оның он сегізі – Нұр-Сұлтанда, он бесі – Алматыда.

Елорда мен Алматы карантинге жабылады

19 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматы карантинге жабылады. Президент жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия осындай шешім қабылдады.

Ішкі істер министрлігі Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларының айналасында көлік пен адам қозғалысын шектеу үшін арнайы блок-посттар орнатады.

Тағы оқыңыз: Карантин кезінде Нұр-Сұлтан мен Алматыға кімдер кіре алады

Нұр-Сұлтан мен Алматыға осы қалаларда тіркелген азаматтар ғана кіре алады.

16 наурыздан бастап елімізде төтенше жағдай жарияланды, шектеу шаралары қабылданған еді.

Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (885)

Тақырып бойынша

Карантиннің қиындығы: шекараның екі жағында қалып қойғандардың әңгімесі  
Қазақстанда тағы бір адамда коронавирус анықталды
Нұр-Сұлтанға миллионнан астам бетперде әкелінеді
Елордада барлық балабақша жабылады
Тоқаев мемлекеттік қызметшілердің 70%-ін қашықтан жұмыс істеуге көшіруді тапсырды
Көлгінов астанада қанша азық-түлік бар екенін айтты
Алматының вокзалдары мен әуежайындағы жағдай жұртты дүрліктірді
Кілт сөздер:
жалған ақпарат, коронавирус
Загрузка...

Басты тақырып