03:59 01 Сәуір 2020
Тікелей эфир
  • USD447.67
  • EUR491.36
  • RUB5.74
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
Коронавирус эпидемиясы (478)
637 0 0

Ер адам өзінің кінәсін мойындап отыр, оған ескерту жасалды. Қазіргі уақытта қайтадан дәрігерлер қарауына алынды

НҰР-СҰЛТАН, 20 наурыз — Sputnik. Атырауда ер адам карантиндік нысаннан қашып кетті. Ол облыстық туберкулезге қарсы диспансердің екінші қабат терезесінен секірген.  

Қазақстандық 18 наурыз күні түнді үш шамасында Литвадан келген. Бірден карантинге жатқызылды. Алайда оның бұған көңілі толмаған.

"Кейін ол өз кінәсін мойындады. Сот шешімімен әкімшілік шара ретінде ескерту жасалды. Қазір ер адам қайтадан дәрігерлер қарауына алынды", - деді денсаулық сақтау министрлігінің тауар және қызмет сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінде. 

Дүйсенбі күні Түркістан облысында да карантинді бұзған ер адам ұсталған болатын. 

Қазақстанда 16 наурызда төтенше жағдай енгізілді. Коронавирус бойынша қауіпті саналатын елдерден келгендер және коронавирус жұқтырған адаммен байланыста болғандар карантинге жатқызылады.

Қазіргі уақытта елде 44 адамда коронавирус анықталды. 19-ы - Алматыда, 25-і - астанада.

 

Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (478)

Тақырып бойынша

Қытаймен шекарадағы әскери техниканың не үшін шығарылғаны белгілі болды – видео
Алматылық дәрігерлер Covid-19 жұқтырған адамды қалай анықтағанын айтып берді
Нұр-Сұлтанда нан бағасы 95 теңгеден аспайды
Ұлттық банк пен қор биржасы бірлескен мәлімдеме жасады 
Алматыдағы мешіттер карантин кезінде ашық бола ма?
Загрузка...

Басты тақырып