05:16 01 Сәуір 2020
Тікелей эфир
  • USD447.67
  • EUR491.36
  • RUB5.74
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
Коронавирус эпидемиясы (478)
1781 0 0

Полиция төтенше жағдай кезінде жалған ақпарат таратқандар жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылатынын ескертті

АЛМАТЫ, 20 наурыз – Sputnik. Әлеуметтік желіде Алматыда түсірілген бірнеше видео тарады, онда коронавирус салдарынан көшеде адамдардың есінен танып жатқаны айтылады. Қалалық полиция департаменті ол оқиғалардың коронавирус инфекциясына қатысы жоқ екенін, видеода айтылған ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бейнероликтердің бірінде жолаушының көшеде құлап қалып, бір топ адамның автобус маңында жиналып тұрған сәті көрініс тапқан.

"Қоғамдық көліктің бірінде жолаушының жағдайы күрт нашарлап кеткен. Ол адамның қояншығы (эпилепсия) ұстаған. Автобустан түсіріліп, жедел жәрдем шақырылған. Сондықтан қалада адамдар есінен танып жатыр деген жалған ақпарат", - деді полиция департаменті.

Сонымен қатар көшеде құлап жатқан ер адамның жанында полиция қызметкерінің жүргені видеоға түсіп қалған.

"102 нөміріне мас адамның жол бойында жатқаны туралы қоңырау келіп түсті. Учаскелік инспектор ақпаратты растады, ер адамға алғашқы медициналық көмек көрсетілді", - делінген ақпаратта.

Тағы бір жағдай желі қолданушыларының арасында кең талқыға түсті. Гоголь мен Мұратбаев көшелерінің қиылысында троллейбус жаяу жүргіншіні басып кеткен. Ол дене жарақатын алған, іс бойынша тергеу жұмыстары басталды.

Полиция бұл оқиғаның да коронавирус инфекциясына қатысы жоқ екенін айтты.

Оқи отырыңыз: Алматыда коронавирустың он ошағы табылды 

Полиция департаменті біле тұра, жалған ақпарат таратқандар қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын, төтенше жағдай кезінде сол әрекеті үшін үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе осы мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесілетінін ескертті.

Соңғы мәлімет бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 49 адамға жетті. 25 адам Нұр-Сұлтанда, 22 адам Алматыда және екі адам Қарағандыда тіркелді.

Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (478)

Тақырып бойынша

Ералы Тоғжанов қазақстандықтарға үндеу жасады
Түркістанда коронавирус жайлы ақпарат таратқан 3 адам он жылға сотталуы мүмкін
"Арандатушылар  – біздің дұшпанымыз": Назарбаева халыққа үндеу жасады
Нұр-Сұлтанда сот қызметкерлері коронавирус жұқтырғаны рас па?
Дүрбелең туғызатындар жауапқа тартылады – мемлекет басшысы
Коронавирус жайлы жалған ақпарат таратқан әйел қамалды
Түркістанда үш әйел бүтін бір отбасына коронавирус жұқтырды деп жала жапты
Кілт сөздер:
Алматы, видео, коронавирус
Загрузка...

Басты тақырып