16:10 09 Сәуір 2020
Тікелей эфир
  • USD435.54
  • EUR473.08
  • RUB5.76
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
478 0 0

Қала бойынша 18 618 отбасы анықталған, олардың ішінде әлеуметтік әлжуаз отбасылар, жалғыз тұратын зейнеткерлер, мүгедектер және мүгедек бала тәрбиелеп отырғандар бар

НҰР-СҰЛТАН, 24 наурыз – Sputnik. Алматының әкімдігі көмекке мұқтаж отбасыларға азық-түлік пакеттерін таратуға кіріскенін мәлімеді, деп хабарлайды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Әкімнің орынбасары Сапарбек Тұяқбаевтың айтуынша, қазіргі кезде қала бойынша 18 618 отбасы анықталды. Олардың ішінде әлеуметтік әлжуаз отбасылар, жалғыз тұратын зейнеткерлер, мүгедектер және мүгедек бала тәрбиелеп отырғандар бар. Ертеңнен бастап байланыс орталығы ашылады. Соған хабарласып, көмекке мұқтаж отбасыларды ұсынуға болады. Халықтан түскен өтініштердің негізінде қазіргі тізім жаңартылады.   

"Бүгін осы акцияны бастап отырмыз. Біздің мақсатымыз – әрбір отбасыға азық-түлікті жеткізу. Сондай-ақ, карантин кезінде керек тауарлар – маска, антисептик және тағы басқа заттар жеткізіледі. Ешқайда барудың қажеті жоқ. Бізде барлық мәлімет бар. Бәрін өзіміз жеткіземіз. Телефон арқылы қосымша ақпарат алуға болады. Бізде толық тізім бар", - деді Тұяқбаев брифингте.

"Қазпошта" АҚ осы бағдарламаның оператары ретінде белгіленді. Алматыда 70 көлік бар. Курьерлер де жеткілікті. Олар тәулік бойы әкімдіктің азық-түлік пакеттерін тарататын болады. Осыған байланысты әкімдік өздігімен көмек көрсетіп жүрген кәсіпкерлерге бірлесіп жұмыс істеуге кеңес беріп отыр. Себебі карантин талаптарын сақтау қажет.

"Қазіргі кезде біз стандартты пакеттерді әзірлеп қойдық. Күнде 1000 пакет жеткіземіз деген жоспар бар. Әрине, көпбалалы отбасылар бар, жалғыз тұратын зейнеткерлер бар. Сондықтан азық-түлік пакеттерінің бірнеше үлгісі болады. Халықтан түсетін ұсыныстарға қарай қосымша тізім әзірленеді", - деп атап көрсетті Тұяқбаев.

Тақырып бойынша

Министрлік Нұр-Сұлтандағы төтенше жағдай қашан аяқталуы мүмкін екенін айтты
Коронавирус қаупі жоғары аймақтар картасы интернетте қайта пайда болды
"Басқа жол жоқ": елорда әкімі қала тұрғындарына өтініш білдірді
Қызылордада WhatsApp арқылы хабарлама таратқан әйелдердің басы бәлеге қалды
"Birgemiz" қорына түскен ақшаны тарататындардың аты-жөні жарияланды
Кілт сөздер:
азық-түлік
Загрузка...

Басты тақырып