21:13 28 Наурыз 2020
Тікелей эфир
  • USD445.84
  • EUR490.47
  • RUB5.73
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
Коронавирус эпидемиясы (408)
291 0 0

Тұрғындарды 26 наурыздан бастап Алматы мен Нұр-Сұлтан секілді Павлодар да карантинге жабылады деген ақпарат шошытты

АЛМАТЫ, 26 наурыз – Sputnik. Павлодар полициясы коронавирус инфекциясының тарауына байланысты Павлодардың жабылуы туралы әлеуметтік желіде жалған ақпарат таратқан адамды іздестіріп жатыр. Бұл туралы Sputnik Қазақстан тілшісіне Павлодар облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Жанна Белялова хабарлады.

Полицияның ақпараты бойынша, 25 наурызда WhatsApp-та "26 наурыз таңертең сағат 08.00-де Павлодарды жабады, шығуға тыйым салынады" деген ақпарат тараған.

Полиция департаменті бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлады.

Қазір полиция төтенше жағдай кезінде көрінеу жалған ақпаратты тарату фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады (қылмыстық кодекстің 274-бабы 4-бөлігі), сондай-ақ аудиохабарлама авторын және әлеуметтік желіде хабарламаны таратушы анықталып жатыр.

Полиция департаменті тұрғындарға жалған мәлімет таратуға болмайтынын ескертті. Төтенше жағдай кезінде жасалған осы әрекет үшін үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге немесе дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыру қарастырылған. Нақты ақпарат алу үшін тиісті мемлекеттік органдарға жүгіну қажет.

Тағы оқыңыз: Қызылордада WhatsApp арқылы хабарлама таратқан әйелдердің басы бәлеге қалды

"Мұндай фактілерді анықтау үшін полицейлер күн сайын әлеуметтік желіге мониторинг жүргізеді. Бұған полицияның барлық қажетті техникалық мүмкіндігі бар", - делінген ведомствоның ресми хабарламасында.

Соңғы мәліметке сәйкес, Қазақстанда 88 адамда COVID-19 анықталды: астанада  – 46 адам, Алматыда – 34 адам, Қарағандыда - екі адам, Алматы облысында – 1 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, Шымкентте - 2 адам, Жамбыл облысында  бір жағдай тіркелді, Солтүстік Қазақстанда - 1 адам.

Еске сала кетсек, елде 16 наурыздан бастап төтенше жағдай режимі енгізілді. Ол сәуірдің15-не дейін жалғасады.

Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (408)

Тақырып бойынша

Желіні дүрліктірген суреттер: мамандар көгершін өлексесіне қатысты түсініктеме берді
Сағынтаев карантин кезінде алматылықтарға қандай жеңілдік жасалатынын айтты
Жол жабылды: Нұр-Сұлтан мен Алматыға карантин кезінде кімдер кіре алады
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 88-ге жетті
"Сақтықта қорлық жоқ" : өнер адамдары карантин кезінде Наурызды қалай атап өтті
Загрузка...

Басты тақырып