Өңірлер

Шымкентте тұрғын үй алабы карантинге алынды

© Photo : пресс-служба минобороны КазахстанаДезинфекция улиц в городах Казахстана
Дезинфекция улиц в городах Казахстана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Шымкент қаласында әуежай, теміржол вокзалы және автовокзал, балабақшалар жұмысын тоқтатты. Халық көп жиналатын орындар жабылады

НҰР-СҰЛТАН, 26 наурыз – Sputnik. Шымкентте коронавирустың таралуына жол бермеу үшін Абай ауданындағы "Тәуелсіздікке 20 жыл" тұрғын үй алабында карантин енгізіледі. Бұл туралы үкімет басшысының ресми сайты хабарлады.

Мұндай шешім премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында қабылданды.

"Коронавирустың таралуына жол бермеу мақсатында Шымкент қаласындағы Абай ауданында "Тәуелсіздікке 20 жыл" тұрғын үй алабында үй-үйді аралауды ұйымдастырумен 14 күнге созылатын карантин енгізіледі", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Шымкентте әуежай, теміржол вокзалы және автовокзал, балабақшалар жұмысын тоқтатты.

Халық көп жиналатын жерлер, атап айтсақ, саябақтар, скверлер, жаяу жүргінші көшелері, ойын алаңдары және тағы басқа орындар жабылады.

Қоғамдық тамақтану орындары сағат 18.00-ге дейін жұмыс істейді. Сағат 18.00-ден сағат 22.00-ге дейін тапсырыстарды үйге дейін жеткізеді.

Қоғамдық көлік қозғалысы кезең-кезеңмен шектеледі.

Азық-түлік дүкендері, сауда орталықтары мен киім-кешек базарлары, қызмет көрсететін нысандардың жұмыс режимін шектеуге қатысты шешімді  Шымкент қаласының әкімі қабылдайды.

Шымкентте қазіргі жағдай бойынша коронавирус жұқтырған екі адам тіркелген.

Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырған төрт адам ауыр хәлде жатыр 

Бұдан бөлек, мемлекеттік комиссия астана мен Алматыда карантин режимін күшейтті.

Соңғы деректер бойынша Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 109 адамға жетті. Ең көбі Нұр-Сұлтан қаласында - 61 адам, одан кейін Алматы қаласында – 40 адам. 

Қарағанды қаласында - 2, Шымкентте - 2, Алматы облысында - 1, Ақтөбе облысында - 1, Жамбыл облысында -1, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам тіркелді.

Жаңалықтар
0