20:45 28 Наурыз 2020
Тікелей эфир
  • USD445.84
  • EUR490.47
  • RUB5.73
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
Коронавирус эпидемиясы (407)
213 0 0

Коронавирустан жазылып шыққан алматылықтың үйіне енгізілген шектеу шаралары 27 наурыздан бастап алынды

АЛМАТЫ, 27 наурыз – Sputnik. Алматыда жиырма коронавирус ошағы карантинге алынды. Оның бірі, атап айтқанда, коронавирустан жазылып шыққан алматылықтың үйіне енгізілген шектеу шаралары алынды. Бұл туралы Алматы қаласы тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаменті хабарлады.

"2020 жылдың 26 наурызындағы жағдай бойынша, Алматыда коронавирус ошағы саналатын 20 подъезд бен жеке ошақ карантинге алынды. Осы кезеңде подъезде күшейтілген дезинфекциялық режим енгізілді, басқа үй тұрғындарының қозғалысы мен кіруіне шектеу қойылды ", - делінген ақпаратта.

Қазір Алматыда коронавирус инфекциясының 19 ошағы бар:

  • Әуезов ауданында екі инфекция ошағы бар: Жетісу-2 ықшам ауданы, 70А және Мамыр-4 ықшам ауданы, 313.
  • Алатау ауданында 3 жұқтыру ошағы бар: Заря-Восток ықшам ауданы, Сары-ой көшесі, 234, Ақкент ықшам ауданы, 7, Ақбұлақ ықшам ауданы, 9;
  • Алмалы ауданы бойынша да 3 ошақ бар: Желтоқсан көшесі, 125, Жароков көшесі, 16, Жароков көшесі, 7;
  • Медеу ауданында 3 ошақ тіркелді; Достық көшесі, 162, Гоголь көшесі, 75, Қонаев көшесі, 62;
  • Жетісу ауданында 2 ошақ бар: Еңлікгүл, 34а, Волочаевская көшесі, 51;
  • Түрксіб ауданында 5 ошақ тіркелген: Алтай-1, 8, "Жас қанат" ықшам ауданы, 86, Майлин көшесі, 77, Спасская көшесі, 63,  Жұлдыз-2 ықшам ауданы, 45;
  • Бостандық ауданында бір ошақ: Тұрғыт Озал көшесі, 242. 

Айта кетейік, коронавирустан жазылып шыққан алматылықтың үйіне енгізілген шектеу шаралары алынды.

"Зенков көшесі, 59 мекенжайы бойынша шектеу шаралары 27 наурыз сағат 00.00-ден бастап тоқтатылды. Алматы қаласында коронавирустан жазылып шыққан пациент 14 күн үй карантинінде болады, медицина қызметкерлері денсаулық жағдайына мониторинг жүргізеді", - делінген ақпаратта.

Қазақстанда коронавирустан бір адам қайтыс болды 

Соңғы мәлімет бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 120 адамға жетті. Нұр-Сұлтан қаласында – 60, Алматы қаласында – 47, Қарағанды қаласында – 4, Шымкент қаласында – 2, Алматы облысында – 1, Ақтөбе облысында – 1, Жамбыл облысында – 3, Солтүстік Қазақстаноблысында – 1, Ақмола облысында – 1 адам тіркелді.

26 наурызда ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Қазақстанда коронавирустан бір адам қайтыс болғанын хабарлады.

16 наурыздан бастап Қазақстанда коронавирусқа байланысты төтенше жағдай режимі жарияланды. Ал 19 наурыздан астана мен Алматы карантинге жабылды.

Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (407)

Тақырып бойынша

Дүкенде инфекция жұқтырып алмау үшін қалай қолма-қол есеп айырысу керек – видео
Нұр-Сұлтанға 22 наурыздан бері келгендердің үшеуі коронавирус жұқтырған
Тоқаев коронавирустан қайтыс болған әйелдің туыстарына көңіл айтты
Алматыда алты адамның қалай инфекция жұқтырғаны айтылды
Шымкентте тұрғын үй алабы карантинге алынды
Нұр-Сұлтанда автобус паркі карантинге жабылды
Кілт сөздер:
коронавирус, Алматы
Загрузка...

Басты тақырып