20:59 28 Наурыз 2020
Тікелей эфир
  • USD445.84
  • EUR490.47
  • RUB5.73
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
Коронавирус эпидемиясы (408)
71 0 0

Қаланың жұқпалы аурулар стационарларында 47 пациент жатыр. Жаңадан анықталған бес адамның төртеуі 26 наурызда Минск-Алматы рейсімен ұшып келген

НҰР-СҰЛТАН, 27 наурыз – Sputnik. 45 науқастың жағдайы қанағаттанарлық, бір әйел ауыр хәлде жатыр. Ал бір баланың жағдайы орташа, жақсарып келеді. Бұл туралы бүгін Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Соңғы дерек бойынша Алматы қаласында 48 адам індетке шалдыққан. Қазір қаланың жұқпалы аурулар стационарларында 47 пациент жатыр, бір адам емделіп шықты.

"Жалпы 45 науқастың жай-күйі – қанағаттанарлық, ал өкпенің жасанды желдету аппаратына қосылған әйелдің жағдайы ауыр. Бір баланың жағдайы орташа, жақсарып келеді", - деді Әбілдаев Алматыда өткен онлайн брифингте.

Ол жаңадан анықталған бес адамның төртеуі 26 наурызда Минск-Алматы рейсімен ұшып келгенін айтты.

Екі пациент 26 наурызда Мәскеу-Алматы рейсімен келген.

Вирус жұқтырған тағы бір науқас 15 наурызда Ыстамбұл– Алматы рейсімен ұшып келген. 18 наурызда ауру жұқтырған адаммен жақын байланыста болғаны үшін оқшауланған, бастапқы анализі теріс нәтиже берген. 26 наурызда анализді қайта тапсырған кезде, оң нәтиже шықты. Осы уақыт бойы ол дәрігерлердің бақылауында изоляцияда болды.

Оқи отырыңыз: Жамбыл облысындағы үш науқастың бәрі көрші елден келген 

Әбілдаев бір пациенттің кеше, 26 наурызда емделіп шыққанын еске салды. Айтуынша, енді ол он төрт күн дәрігерлердің бақылауында болады.

"Қазіргі уақытта провизорлық орталықтарда 1099 адам бар, оның ішінде 72-і – бала. Карантиндік орталықтарда 471 адам жатыр. Үй карантиніне 2037 адам алынған", - деді басқарма басшысы.

Карантинде жатқан адамдардың дене қызуы қалыпты жағдайда, катаралдық симптомдары жоқ.

Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (408)

Тақырып бойынша

АҚШ-та коронавирус жұқтырғандардың саны Қытайдан асып түсті 
Коронавирустан көз жұмған әйел жатқан аурухана карантинге жабылды
Алматыда жас жігіт қоқыс шығаратын көлікпен жасырын қаладан шықпақ болды
Нұр-Сұлтанда коронавирустан көз жұмған әйел оңтүстікте қонақта болған
Атырау облысында коронавирус жұқтырғандар анықталды
Кілт сөздер:
коронавирус, Алматы
Загрузка...

Басты тақырып