11:59 05 Маусым 2020
Тікелей эфир
  • USD399.51
  • EUR447.33
  • RUB5.78
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
Коронавирус эпидемиясы (882)
107 0 0

Науқаста емдеу кезеңінде асқыну болмаған, ауруы жеңіл өткені хабарланып отыр. Соңғы ақпарат бойынша Қазақстанда коронавирус жұқтырған 135 науқас тіркелді

АЛМАТЫ, 27 наурыз – Sputnik. Алматыда тағы бір науқас жазылып, ауруханадан шықты. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігі хабарлады.

"27 наурызда Алматыда қалалық жұқпалы аурулар ауруханасынан COVID-19 расталған екінші пациент жазылып шықты. Бұл науқас – Алматыға 13 наурызға қараған түні Берлин-Минск-Алматы чартерлік рейсімен келген ер адам. Ол вирусқа қарсы емдеумен симптоматикалық терапияның толық курсын алды", - делінген ақпаратта.

Науқаста емдеу кезеңінде асқыну болмаған, ауруы жеңіл өтті. Енді 14 күн үй карантинінде дәрігерлердің бақылауында болады.

Айта кетейік, 13 наурызда Берлин-Минск-Алматы чартерлік рейсімен келген барлық 12 адам жұқпалы аурулар стационарына карантинге жатқызылып, оқшауландырылған болатын.

Соңғы ақпарат бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырған 135 науқас тіркелді. Нұр-Сұлтан қаласында – 69 , Алматы қаласында –48, Қарағанды қаласында – 4, Жамбыл облысында – 3, Атырау облысы – 3, Шымке т қаласында – 2 , Алматы, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Маңғыстау облыстарында 1 адамнан тіркелді.

Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (882)

Тақырып бойынша

Маңғыстау облысында бір адамнан коронавирус табылды
Карантиндегі Алматы: құс қанаты талатын биіктіктен түсірілген қала - видео
Қордайдағы қақтығыс: арнайы операция кезінде 25 адам ұсталды 
Алматыда коронавирус жұқтырған 12 жастағы қыз дертінен сауықты
Нұр-Сұлтанда тағы 9 адамнан коронавирус табылды
Загрузка...

Басты тақырып