12:45 05 Маусым 2020
Тікелей эфир
  • USD399.51
  • EUR447.33
  • RUB5.78
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
10701

Бас прокурордың орынбасары Ерлік Кененбаев қазақстандықтардан арандатушылыққа бой алдырмай, тек ресми мәліметке сенуге шақырды

НҰР-СҰЛТАН, 27 наурыз – Sputnik. Бас прокуратура Қордай ауданындағы жаппай тәртіпсіздікке қатысты жүргізіліп жатқан тергеудің алдын ала қорытындысын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Бас прокурордың орынбасары Ерлік Кененбаев қазақстандықтардан арандатушылыққа бой алдырмай, тек ресми мәліметке сенуге шақырды. 

"Жалған мәліметтерді таратуға және жолдауға жол бермеу қажет. Сот төрелігін жүзеге асыруға және сотқа дейінгі тергеу жүргізуге кедергі жасағаны үшін Қылмыстық кодекстің 407-бабымен қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескерткім келеді. Бүгін Қордайдағы жағдай тұрақты деп толық сеніммен айта аламын", деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте. 

Прокуратура Қордай қақтығысы туралы не дейді 

Бас прокуратура Қордайдағы қайғылы оқиғаға тек тұрмыстық тұрғыдағы жанжал себеп болғанын атап өтті. 

"Осы жылдың 5 ақпанында Қордай ауданы Сартөбе ауылында жол үстінде екі түрлі ұлт өкілдерінің арасында жанжал туып, салдарынан қарт адам жарақат алды. Бұл қылмыс бойынша екі адам күдікке ілінді. Оның біреуі сот санкциясымен қамауға алынған. Жақын арада тергеу аяқталып, іс сотқа жолданады", - деді Кененбаев. 

Ал 7 ақпан күні дәл сол ауылдың тұрғыны көлікті тотқан полицейлердің талабына бағынбай, үйіне кетіп қалған. Өз үйінің жанында жүргізуші туыстарымен бірге полицейлерге қарсы күш қолданған.

Масанчи после беспорядков
© Sputnik / Тимур Батыршин
Қақтығыстан кейінгі Масанчи ауылы

Бас прокурордың орынбасарының айтуынша, күдіктілер бірден ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды. 
18 наурыздағы сот үкімімен осы үш адам кінәлі деп танылып, сотталған. Сот үкімімен әрқайсысы 1,5 жылға бас бостандығынан айырылды. 

"Осы оқиғалардан кейін ауданның жергілікті тұрғындары әлеуметтік желілер және мессенджерлер арқылы бір-біріне жағымсыз хабарлама жібере бастады. Криминалдық элементтерді пайдалана отырып, мессенджерлер арқылы әлеуметтік алауыздықты насихаттап, зорлық зомбылық жасауға шақырған. Жалған ақпараттардың ықпалына түскен көрші елді мекендердің, басқа облыстар мен қалалардың тұрғындары топтасып, Сортөбе мен Масаншы ауылдарына келе бастаған. Сөйтіп 8 ақпанға қараған түні аталған ауылдарда жаппай тәртіпсіздік басталып, ол күш қолдану, тонау, өртке ұласты", - деді ол. 

Қордайдағы қақтығыстан он бір адам қаза болды. 192 адам әртүрлі дене жарақатын алған, оның ішінде 19 полицей бар.  168 тұрғын үй, 122 автокөлік бүлінген және өртенген.

Барлық факті бойынша қылмыстық істер қозғалған. Қылмыстық істерді тергеу аясында сот санкциясымен жеті адам қамауға алынды.

Кілт сөздер:
прокуратура
Загрузка...

Басты тақырып