00:00 05 Шілде 2020
Тікелей эфир
  • USD405.69
  • EUR455.51
  • RUB5.72
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
Коронавирус эпидемиясы (1067)
208110

Тараздық полицейлер отыз жастағы ер адамды бес тәулікке қамауға алды, түсіндіру жұмыстарын жүргізді

НҰР-СҰЛТАН, 28 наурыз – Sputnik. Таразда төтенше жағдайға қарамастан үй ауласында беташар өткізген ер адам жауапқа тартылды.

30 жастағы тұрғын бес тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Тараз полицейлері беташар жасаған асабамен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, төтенше жағдай режимі кезінде мұндай шараларға жол берілмеуі керек екенін ескертті.

Жамбыл облысының полиция департаменті төтенше жағдай талаптарын орындамай, тұрғындардың денсаулығына қауіп төндіретін азаматтар жазаланатынын тағы бір мәрте еске салды.

Тараз полицейлері төтенше жағдай кезінде жұмыс режимін бұзу деректерінің алдын алу мақсатында ойын-сауық мекемелеріне күн сайын рейд жүргізеді.

Елімізде төтенше жағдай жарияланғалы бері облыста режим талаптарын бұзған кәсіпкерлерге қатысты 15 әкімшілік хаттама толтырылған.

Тағы оқыңыз: Министр карантинде жатқан әйелдің бұрынғы күйеуі не істегенін айтып берді

Оның ішінде сегіз адамға айыппұл салынып, екеуі ескерту алса, бес адамға әкімшілік жаза қолданылды.

Әрбір тәртіп бұзушыға Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің  476-бабы (төтенше жағдай режимін бұзу) бойынша әкімшілік жаза тағайындалды.

Елімізде 16 наурыздан бастап коронавирустың таралуына байланысты төтенше жағдай жарияланды. 

Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1067)

Тақырып бойынша

"Сақтықта қорлық жоқ" : өнер адамдары карантин кезінде Наурызды қалай атап өтті
Психолог карантин кезінде төрт қабырғаға қамалып отырғандарға кеңес берді
Алматыға айналма жолмен алып кетуге уәде берген жүргізушілер ұсталды
Кілт сөздер:
төтенше жағдай, Тараз, коронавирус
Загрузка...

Басты тақырып