17:43 25 Мамыр 2020
Тікелей эфир
  • USD414.46
  • EUR451.35
  • RUB5.77
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
Коронавирус эпидемиясы (848)
701 0 0

Алпыс бес жастағы әйелдің коронавирусқа тапсырған тесті оң нәтиже көрсетті, қазір оның жағдайы орташа

НҰР-СҰЛТАН, 28 наурыз – Sputnik. Қызылордада тіркелген алғашқы науқас қалаға Сеулден (Оңтүстік Корея) транзитпен Алматы арқылы ұшып келген. Бұл туралы Қызылорда облысы төтенше жағдай департаментінен мәлімдеді.

Әйел "Эйр Астана" әуе компаниясының рейсімен келген.

"6-11 наурыз аралығында ол стационарда карантинде жатты, ал 15 мен 24 наурыз аралығында "Сенім" клиникасының бақылауына алынды", - делінген хабарламада.

28 наурыз күні әйелдің коронавирусқа тапсырған тесті оң нәтиже көрсетті. Таңғы сағат жетіде облыстық медициналық орталыққа жеткізілген. Дене қызуы көтеріліп, әлсіздік байқалған, тыныс алуы қиындаған. Қазір пациенттің жағдайы орташа.

Тағы оқыңыз: Алматыда бір науқас ауыр хәлде жатыр

Қызылорданың 65 жастағы тұрғыны "Мерей" шағын ауданындағы көпқабатты үйде тұрады.

"Науқаспен жақын байланыста болған адамдар анықталды. Олар ұлы, келіні, төрт немересі", - деп мәлімдеді ТЖД-дан.

Пациентпен жақын араласқан адамдармен және оның үйінде барлық эпидемияға қарсы шаралар жүргізіліп жатыр.

Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (848)

Тақырып бойынша

Вирус жұқтырған адамның жеке мәліметі желіде тарап кеткен: тергеу жүріп жатыр
Абаев қазақстандықтарға: жұмыс пен кредитті уайымдамаңыздар
Пандемия кезінде шетелде жүрген қазақстандықтар неге елге қайтарылып жатыр
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 204 адамға жетті  
Қазақстанда коронавирустан тағы бір адам сауықты
Коронавирустың таралуын бақылай алмай қалу қаупі туып отыр – министр
Алматы облысында жүкті әйел коронавирус жұқтырды
Кілт сөздер:
науқас, Қызылорда, коронавирус
Загрузка...

Басты тақырып