12:26 05 Маусым 2020
Тікелей эфир
  • USD399.51
  • EUR447.33
  • RUB5.78
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
Коронавирус эпидемиясы (882)
1924 0 0

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы Қызылорда облысында коронавирус жұқтырған екінші адам тіркелгенін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 29 наурыз - Sputnik. Қызылорда облысында тағы бір адам коронавирус жұқтырды. Науқас "Сенім" емханасында медбике болып істеген.

"1997 жылы туған Ақмешіт ықшам ауданының тұрғыны коронавирус жұқтырды. Медбике кеше вирус жұқтырғаны расталған науқасқа көмек көрсеткен. Екінші науқастың жағдайы жақсы, дене қызуы жоқ, тыныс алу жолдары қалыпты жағдайда", - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Әбдусәметов.

Медбикемен байланыста болған адамдарды анықтау, сынама алу жұмыстары жүріп жатыр.

Еске сала кетсек, 28 наурыз күні Қызылорда облысында COVID-19 жұқтырған бірінші адам анықталды. Ол 65 жаста.

"Пациент 1 наурыз күні Оңтүстік Кореядан Сеул-Алматы рейсімен келген. Коронавирус бойынша қауіпті елден келгендіктен, 14 наурызға дейін дәрігерлердің бақылауында болды. Кейін стационардан шығарылып, үй карантиніне жіберілді", - деді басқарма басшысы.

Әйел 27 наурыз күні денсаулығына байланысты облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілген. Сенбі күні коронавирус жұқтырғаны расталды.

Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (882)

Тақырып бойынша

Қазақстандағы тағы бір қала карантинге жабылады
Қазақстанда тағы 14 адамнан коронавирус табылды
Қарағанды карантинге жабылады
Елордада вирус жұқтырған екі пациент ауыр хәлде жатыр
Ақмола облысында бүтін бір отбасы коронавирус жұқтырды
Загрузка...

Басты тақырып