01:52 01 Маусым 2020
Тікелей эфир
  • USD411.54
  • EUR458.13
  • RUB5.84
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
Коронавирус эпидемиясы (870)
999 0 0

Қазақстанда коронавирус індетін жұқтырғандардың саны 271 адамға  жетті. Ең көбі - астанада тіркеліп отыр, 166 адам

НҰР-СҰЛТАН, 29 наурыз – Sputnik. Батыс Қазақстан облысында екі адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Облыстың бас санитары Мұхамғали Арыспаевтың айтуынша, екі науқас та ауруды облыстан тыс жерде жұқтырған. Мәселен, 53 жастағы бір әйел 16-21 наурыз аралығында Мәскеуде болған.

"22 наурызда ол Саратов қаласына барды. Ал 24 наурызда "Тасқала" шекара бекеті арқылы өткен. Одан кейін Ақсай қаласында үйде оқшауланып отырды. Кеше ғана жедел жәрдемге хабарласты. Бүгін таңертең сынама арқылы одан короновирус инфекциясының анықталғаны расталды", - дейді Арыспаев.

Бұдан бөлек, бүгін таңертең 48 жастағы тағы бір әйелде коронавирус анықталды. Ол - Орал қаласының тұрғыны. Атырауға барып келген. Ал 28 наурызда тамағы жыбырлап, дене қызуы көтерілген. Қазіргі кезде екі науқастың жағдайы қанағаттанарлық. 

Айта кетейік, бүгін Қазақстанда коронавирус індетін жұқтырғандардың саны 271 адамға  жетті.

  • Нұр-Сұлтан қаласы – 166 адам;
  • Алматы қаласында – 67 адам
  • Қарағанды облысында – 7 адам;
  • Ақмола облысында - 6 адам;
  • Атырау облысы - 6 адам;
  • Жамбыл облысында -3 адам;
  • Шымкент қаласында - 2 адам;
  • Шығыс Қазақстан облысында - 2 адам;
  • Алматы облысында - 4 адам;
  • Ақтөбе облысында - 1 адам;
  • Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам;
  • Павлодар облысында - 1 адам;
  • Маңғыстау облысында - 1 адам;
  • Қызылорда облысында - 2 адам;
  • Батыс Қазақстан облысында - 2 адам.
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (870)

Тақырып бойынша

Министр Абаев коронавирустан қорықпайтындарға жауап берді
"Тексергісі келген": министр төтенше жағдайды бұзғандар туралы айтып берді
Коронавирус жұқтырған екінші медбике туралы ақпарат жарияланды
Министр қате ақпарат таратқаны үшін кешірім сұрады
31 наурыздан бастап Қостанай облысы жабылады
Загрузка...

Басты тақырып