Өңірлер

Көліктер айып тұрағына тоғытылады – Алматы полициясы ескерту жасады  

© Sputnik / Елена БережнаяАвтомобиль Тимати на штрафстоянке в Петропавловске
Автомобиль Тимати на штрафстоянке в Петропавловске - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Төтенше жағдай режимін және шектеуді қасақана бұзғандар әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылады

НҰР-СҰЛТАН, 30 наурыз – Sputnik. Алматы қаласының полициясы күшейтілген карантин режимін бұзғандар қандай жазаға тартылатынын түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденовтің айтуынша, қазіргі кезде карантиндік шараларды күшейту мақсатында қала ішінде 26 бекет орнатылды. Сол жерде көлік құралдары тексеріледі. 

"Төтенше жағдай режимін қасақана бұзатын автокөлік иелері Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 785-бабына сәйкес, айып тұрағына жөнелтіледі. Қазір қала сыртынан кіретін көліктерге шектеу қойылды. Бірақ қаланың ішінде бекерден-бекер жүрген автокөліктер көп. Көшеде қаланың өміріне керек көлік иелері ғана жүруі тиіс", - деді Таймерденов бүгінгі баспасөз мәслихатында.  

Оның айтуынша, бүгін біз тек ескерту жасалып жатыр. Бірақ ертеңнен бастап ондай адамдар  әкімшілік жауапқа тартылады.

"Сергек" жүйесі арқылы тәртіп бұзушылықтардың бар-жоғы да тексеріледі. Қазіргі кезде күшейтілген карантиндік режимге байланысты жаяу патруль мен патрульдік полиция бригадасы қайта топтастырылды.  Қызмет көрсету механизмі жаңартылды. 

Оқи отырыңыз: Жамбыл облысында шектеу енгізіледі

Негізгі назар насихат жұмыстарына бағытталады.  Дегенмен, төтенше жағдай режимін және шектеуді қасақана бұзу әрекеттері болса, әкімшілік және қылмыстық шаралар қолданылады.

"Азаматтардың көптеп жиналуына жол берілмейді, егер бұл талаптар ескерілмесе, құқық бұзушыларға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 473-бабы – қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысатын адамдардың заңды талабына бағынбау және 476-бабы – төтенше жағдай режимін бұзу бойынша әкімшілік шаралар қолданылады", - деп атап өтті Таймерденов.

 Азық-түлік, дәрі-дәрмек сатып алуға және медициналық мекемеге жедел бару кезінде ғана үйден шығуға рұқсат етіледі.  

Жаңалықтар
0