01:25 01 Маусым 2020
Тікелей эфир
  • USD411.54
  • EUR458.13
  • RUB5.84
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
Коронавирус эпидемиясы (870)
335 0 0

Алматы облысына 31 наурыздан, Петропавлға 1 сәуірден бастап кіріп-шығу шектеледі. Сондай-ақ, аса қажеттілік болмаса, облыстағы аудан шекарасынан өтуге де тыйым салынады

НҰР-СҰЛТАН, 30 наурыз — Sputnik. Алматы облысы мен Петропавлда шектеу енгізіледі. 

"Петропавл айналасында тоғыз блокбекет орнатылады. Тек қажеттілік болған жағдайда ғана кіруге рұқсат беріледі. Құжат тексеруден бөлек санитарлық және ветеринарлық бақылау жүргізіледі. Тұрғындар жұмысқа, ауруханаға бару сынды аса қажеттілік болған жағдайда ғана бекеттен өте алады", - деді Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов. 

Облыс әкімі аудандарда да шектеу енгізілетінін айтты. Қажеттілік болмаса аудан шекарасынан шығуға тыйым салынады. Әуежай жұмыс істемейді, пойыздарға билет сату тоқтатылған. Теміржол вокзалы 27 наурызға дейін билет алған жолаушыларды ғана қабылдайды. Тамақтану орындары тағамды тұрғынның үйіне жеткізу бойынша жұмыс істейді. 

Петропавлда бұл өзгеріс 1 сәуірден бастап жүзеге асырылады. Ал Алматы облысы ертеңнен бастап шектеу енгізбек. Қала мен аудандарда, сондай-ақ, Шығыс Қазақстан және Жамбыл облысымен шекарада бекеттер орнатылады.

Алматы облысының бас санитар дәрігері Қайрат Баймұхамбетовтың айтуынша, бұл шектеу жүк тасымалдайтын көлік, жеткізу қызметі және өңірдің тіршілігіне тікелей қажет жұмыспен айналысатын арнайы көліктерге қатысты емес.

Медициналық ұйымдар, мемлекеттік құқық қорғау органдары, байланыс қызметі жұмыс істейді. 

"Мешіт пен шіркеулер уақытша жабылады. Олар болып жатқан жағдайға байланысты өздері осындай шешім қабылдады", - деді Баймұхамбетов.

Қалалардағы шектеу тәртібі

31 наурыздан бастап Қызылорда, Жамбыл, Қостанай, Ақтөбе, Ақмола облыстары жабылады. 

Қазіргі уақытта астана, Алматы және Қарағанды облысындағы бес қала (Қарағанды, Абай, Сарань, Теміртау және Шахтинск) карантинде. 

Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (870)
Загрузка...

Басты тақырып