17:41 27 Мамыр 2020
Тікелей эфир
  • USD413.12
  • EUR452.86
  • RUB5.82
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
Төтенше жағдай және карантин (395)
444 0 0

Бірінші сәуірден бастап Павлодар облысында коронавирустың таралуына жол бермес үшін қосымша қауіпсіздік шаралары енгізіледі

НҰР-СҰЛТАН, 31 наурыз – Sputnik. Павлодар облысының билігі эпидемияға қарсы санитарлық шараларды күшейту туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Павлодар облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері орынбасарының қаулысымен 1 сәуір 00:00-ден бастап мынадай шаралар енгізіледі:

  • облыс периметрі бойынша тоғыз блокбекет қойылды;
  • көліктің барлық түрімен шекаралас облыстарға/шекаралас облыстардан жолаушыларды тасымалдауға тыйым салынды;
  • облыс ішіндегі елді мекендер арасында көліктің барлық түрімен жолаушыларды тасымалдауға тыйым салынды;
  • дипломатиялық қызметтерді, емделуге баратын адамдарды, азық-түлік және азық-түлікке жатпайтын тауарлар тиелген транзиттік жүк көліктерді (эпидемияға қарсы дезинфекциялауды және сақтық шараларын қатаң қадағалай отырып) қоспағанда, Қазақстанның басқа облыстарының тұрғындары мен басқа мемлекеттердің азаматтарының кіруіне тыйым салынды;
  • тұрғындардың 22.00-ден кейін үйден шығуы шектелді. Тек қана үй маңындағы дәріханалар мен азық-түлік дүкендеріне, жұмысқа және медициналық көмекке баруға ғана рұқсат етіледі;
  • тұрғындардың қоғамдық орындарға, оның ішінде жағалау, саябақтар, алаңдар, ойын және спорт алаңдарына, тағы да басқа жерлерге баруы шектелді;
  • қоғамдық көліктерде, халық көп жиналатын орындарда, дүкендерде, сауда орталықтары мен үйлерде, тұрғын үйлерде, аялдамаларда және тағы да басқа жерлерде дезинфекциялау жұмыстары күшейтілді.

Бұл шаралар өңір тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда тағы 17 адам коронавирус жұқтырды

"Төтенше жағдай жөніндегі облыстық штаб тұрғындардан эпидемияға қарсы енгізілген талаптарға түсіністікпен қарауды және оларды қатаң сақтауды сұрайды", - делінген хабарламада.

16 наурыздан 15 сәуірге дейін республикада төтенше жағдай режимі жарияланды.

Нұр-Сұлтан, Алматы, Атырау, Ақтау  және Қарағанды облысының бес қаласы (Қарағанды, Теміртау, Шахтинск, Абай және Саран), сондай-ақ Шымкентте бір шағын аудан карантинге жабылды.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе облыстарына, Қызылорда қаласына кіруге тыйым салынды.

Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин (395)

Тақырып бойынша

Алматы облысында тұрғын үйдің кіреберісі карантинге жабылды
Нұр-Сұлтанда жатақхана карантинге жабылды
Қарағанды карантинге жабылады
31 наурыздан бастап Қостанай облысы жабылады
Алматыдағы саябақтар уақытша жабылады
Қазақстандағы тағы бір қала карантинге жабылады
Ақмола облысы карантинге жабылады
Кілт сөздер:
коронавирус, карантин, Павлодар облысы
Загрузка...

Басты тақырып