16:25 06 Маусым 2020
Тікелей эфир
  • USD399.67
  • EUR452.95
  • RUB5.82
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
214 0 0

1 сәуірден бастап аймақтың айналасында 9 бақылау-өткізу бекеті орнатылады. Бесеуі Ресеймен шекаралас жерде қойылса, төртеуі басқа облыстармен шектесетін аудандарда тұрады

НҰР-СҰЛТАН, 31 наурыз – Sputnik. Павлодар облысында коронавирусқа байланысты қосымша шектеулер енгізіледі. Бұған дейін аймақта саниталық-дезинфекциялық режим күшейтілген болатын, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Облыс әкімінің орынбасары Асхат Ораловтың айтуынша, 1 сәуірден бастап аймақтың айналасында 9 бақылау-өткізу бекеті орнатылатын болады. Бесеуі Ресеймен шекаралас жерде қойылса, төртеуі басқа облыстармен шектесетін аудандарда тұрады. Осылайша, көлік пен адам қозғалысына шектеу қойылады. 

"Емделуге шығатын азаматтарды өткізе береді. Сондай-ақ, қызметтік іссапармен жүретіндерге шығуға рұқсат бар. Бірақ жұмыс орнынан тиісті анықтаманы көрсету керек", -  деді Оралов бүгінгі онлайн брифингте. 

Ертеңнен бастап келесі шектеулер енгізіледі:

  • теміржол мен көлік қатынасымен жолаушыларды тасымалдауға тыйым салынады;
  • облыстың ішінде жолаушылар тасымалына шектеу қойылады; 
  • басқа облыс пен өзге елдің азаматтарына кіруге рұқсат берілмейді; 
  • облыс тұрғындарына 22:00-ден бастап 6:00-ге дейін далаға (азық-түлік, дәрі-дәрмек, жұмыс пен медициналық көмекті санамағанда) себепсіз шығуға болмайды;
  • саябақтар, спорттық алаңдар және тағы басқа қоғамдық жерлерде отбасы мүшелерін қоспағанда үш адамнан артық жиналуға болмайды;
  • сауда орындарында кезекте бес адамнан артық адам тұрмауы тиіс, олардың аралары, кем дегенден, бір метр болуы шарт;
  • қоғамдық тамақтану орындарында 50 адамдан артық отыруға болмайды;
  • балабақшалар жұмыс істей береді, алайда жергілікті билік ата-аналарға балаларды үйден шығармауға кеңес беріп отыр.

Облыста қоғамдық көліктер, аялдамалар, сауда орындары, тұрғын үйлер және басқа да жерлерде дезинфекциялық шаралар күшейеді. 

"Қазіргі кезде облыста 634 адам медициналық бақылауға алынды. Олардың ішінде 77 стационарда жатыр. Ал 557 адам үй карантинінде отыр. Жалпы, бұған дейін 1 262 адам бақылауда болған. Осы уақытқа дейін 624 адамды бақылаудан шығарды. Стационарларда 845 жасақталды", - деп атап көрсетті Оралов.

Айта кетейік, бүгін Павлодар облысында коронавирус жұқтырған тағы бір адам анықталды. Осылайша, аймақта науқастардың саны екі адамға, ал Қазақстан бойынша осы індетке шалдыққандардың жалпы саны 336 адамға жетті. 22 адам сауығып шықса, екі адам қайтыс болды.

Тақырып бойынша

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 336-ға жетті
Жұмыстан үйге: елордалық полицейлер жүргізушілерді "Сергектің" көмегімен аңдиды
Нұр-Сұлтанда ірі сауда орталығының паркингі айып тұрағы ретінде пайдаланылады
Алматыда коронавирустың 27 ошағы анықталды
Қызылорда облысында бір үйдегі 8 адам COVID-19 жұқтырды  
Кілт сөздер:
карантин, коронавирус, шектеу, Павлодар облысы
Загрузка...

Басты тақырып