Өңірлер

Есікті қасықпен жауып кеткен: Қызылордада бір үйдің 4 баласы өлім құша жаздады

© Sputnik / Владислав ВодневРебенок у окна, архивное фото
Ребенок у окна, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Үйдің терезесінен көмек сұраған балаларды байқаған полицейлер темір қасықпен бекітілген есікті бұзып кіріп, оларды сыртқа шығарды

НҰР-СҰЛТАН, 2 сәуір – Sputnik. Жер үйдегі өрттің кездейсоқ куәгері болған Қызылорда қаласының криминалдық полиция қызметкерлері Әлімжан Әлімбетов пен Бейбарыс Қалымбетов төрт баланы құтқарып, тілсіз жауды сөндірді, деп хабарлайды polisia.kz.

Өрт 1 сәуір күні таңертең болған. Үйде сол сәтте балалардан басқа ешкім болмайды: олардың әкесі жұмыста, ал анасы жақын маңдағы азық-түлік дүкеніне кеткен.

Көрпелер мен кілемдер отқа оранғанда балалар үйден шыға алмай қалған. Өйткені, әйел кетіп бара жатып есікті темір қасықпен бекітіп кеткен.

Терезенің ар жағынан бетін сүлгімен тұмшалап алып, көмек сұраған екі баланы көрген полицейлер будақтаған түтінді байқамаса да, бір жайсыздықты сезіп, бірден көмекке ұмтылады.

"Олар темір қасықпен бекітілген есікті бұзып ашып, ішке кіргенде үйді көк түтін жайлағанын көреді. Дереу бөлмелерді тексеріп, төрт баланы сыртқа шығарды", – делінген баспасөз хабарламасында.

Көрші үйге балаларды тапсырғаннан кейін полицейлер өрт сөндіру құралдарынсыз тілсіз жауды сөндірген.

Үлкені бес, ал кішісі бір жасқа толмаған балалар анасына тапсырылды. Әйел полиция өкілдеріне шын жүректен алғысын білдірді.

Жаңалықтар
0