Өңірлер

Тергеушілер қылмыстық топ құрған қазақстандық шенеуніктер туралы айтып берді

© Sputnik / Тимур БатыршинНаручники, архивное фото
Наручники, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Өткен жылдың соңында Bek Air жолаушылар ұшағы құлаған жерлер де Талғар ауданына кіреді. Әуежайға жақын жер учаскелері заңсыз таратылған

НҰР-СҰЛТАН, 2 сәуір – Sputnik. Алматы облысының Талғар аудандық әкімідігінің лауазымды тұлғалары қылмыстық топ құрғаны үшін айыпталып отыр. Бұл туралы cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің тергеушілері мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

1-ші департаменттің аға тергеушісі Данияр Бигайдаровтың айтуынша, әкімдік қызметкерлері санитарлық аймаққа кіретін жер учаскелерін сатып, содан пайда көрді деген күдікке ілінді.

"Олар қылмыстық топ құрып, санитарлық аймаққа кіретін жер учаскелерін жеке меншікке аударғаны үшін айыпталып отыр. Жер учаскелері Талғар ауданына қарасты Панфилов ауылдық округының Қызыл Ту ауылынан ары қарай санитарлық және су қорғау аймағына кіреді. Әкімдіктің лауазымды тұлғалары оны ақшаға сатып, пайда көрмек болған деген күдік бар", - деді Бигайдаров. 

Оның айтуынша, Панфилов ауылдық округының бұрынғы әкімдері де күдікке ілініп отыр. Соңғы шешімді сот шығарады.

Тағы оқыңыз: Қостанайда сотталған шенеуніктің камерасында болған жағдай видеоға түсіп қалды

Айта кетейік, өткен жылдың соңында Bek Air жолаушылар ұшағы құлаған жерлер де Талғар ауданына кіреді. Әуежайға жақын жер учаскелері заңсыз таратылған.

Жаңалықтар
0