Өңірлер

Талдықорғанда екі жігіт аса қауіпті қылмыскерді ұстады

© Sputnik / Тимур БатыршинНаручники, архивное фото
Наручники, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алматы облысы полиция департаменті Талдықорған қаласының екі тұрғынын батылдық пен ерлік танытқаны үшін марапаттады

НҰР-СҰЛТАН, 3 сәуір – Sputnik. Талдықорған қаласында екі жаяу жүргінші аса қауіпті қылмыскерді ұстады.  

Жолда келе жатқан екі жас жігіт әйел адамға қастандық жасаған қылмыскерді құрықтаған, деп хабарлайды Polisia.kz.

"Сағат 18.00 шамасында облыс орталығының саябағында белгісіз біреу жаяу жүргінші жолымен келе жатқан әйел адамға шабуыл жасап, оны тұншықтыра бастаған. Осылайша, қаскүнем шарасыз әйелдің сөмкесін тартып алып, жасырынбақ болған сәтте, оқиғаға куә болған екі азамат өздерімен бірге келе жатқан бойжеткендерді жәбірленушінің жанына қалдырып, күдіктінің соңына түскен", - деп атап өтті Талдықорған қалалық полиция басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Өтегенов.  

Олар қылмыскерді қуып жетіп, полиция жасағы келгенше оның жанында болған.

"Нәтижесінде күдікті полиция бөліміне жеткізілді. Жәбірленуші батылдық танытып, өзін қорғаған азаматтарға алғысын білдірді", – басқарма басшысының орынбасары.

Оқи отырыңыз: Алматыда сегіз жыл бойы іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды - видео

Тәртіп сақшылары О. есімді күдіктінің 1984 жылғы Талдықорған қаласының тұрғыны екенін, бұрын да бірнеше рет ұрлық, тонау және қарақшылық шабуыл жасағаны үшін сотталғанын және қылмыс жасау кезінде мас күйінде болғанын анықтады.

"Қазіргі уақытта Талдықорған қалалық соты ұсталған азаматты аса қауіпті рецидивист деп танып, оған қатысты 3 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды, жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің төтенше қауіпсіз мекемелерінде өтейді", – деп толықтырды Өтегенов.  

18 жастағы Талдықорған қаласының тұрғындары –Дмитрий Носко мен Сергей Набирухин Алматы облысы полиция департаменті бастығының бұйрығымен батылдық пен ерлік танытқаны үшін марапатталды. Оларға салтанатты түрде алғыс хат пен бағалы сыйлық тапсырылды.

Жаңалықтар
0