12:43 27 Мамыр 2020
Тікелей эфир
  • USD413.12
  • EUR452.86
  • RUB5.82
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
Коронавирус эпидемиясы (856)
165 0 0

Қазақстанда 35 адам дертінен айықты, он алтысы астанада, он тоғызы Алматы қаласында. Төрт адам қайтыс болды

НҰР-СҰЛТАН, 4 сәуір – Sputnik. Алматыда тағы алты пациент дертінен айығып, ауруханадан шықты, деп хабарлайды коронавируспен күрес жөніндегі жедел штаб.

Коронавирусты жеңгендердің бесеуі – әйел, біреуі – ер адам.

"Екеуі 16 наурызда Стамбұлдан келсе, екеуі 10 наурыздағы Мәскеу ‒ Алматы рейсінің жолаушылары. Бір науқас 13 наурызда Берлиннен  ұшып келген, тағы біреуі вирус жұқтырған адаммен байланыста болған", - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта Алматыда індеттен жазылып шыққандар саны 19 адамға жетті. Олардың барлығы 14 күнге үй карантиніне алынды.

Оқи отырыңыз: Түркістан облысында көз жұмған науқас Алматыдан келгенін жасырған

Алматы қаласында барлығы 109 адамда коронавирус расталды.

Республика бойынша қауіпті вирусты жұқтырғандар саны 500 адамға жетті.

35 адам дертінен айықты, 16-сы астанада, 19-ы Алматы қаласында.  Төрт адам қайтыс болды.

Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (856)

Тақырып бойынша

Назарбаев облыс әкімдерімен не жайлы сөйлескені белгілі болды
Қостанай облысында тіркелген науқастың инфекцияны қалай жұқтырғаны белгілі болды
Коронавирус Қазақстанның барлық облысына жетті
Қазақстанда үш аптада үш жаңа аурухана салынады
Үкімет қоғамда дүрбелең туғызатындарға ескерту жасады
Түркістан облысында көз жұмған науқас Алматыдан келгенін жасырған
Кілт сөздер:
Алматы, коронавирус
Загрузка...

Басты тақырып