Өңірлер

Тараз қаласы карантинге жабылады

© Sputnik / И. Буневич / Медиабанкке өтуМавзолей Карахана
Мавзолей Карахана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сейсенбі күні Тараз қаласы карантинге жабылатын болады. Қаладан кіріп-шығу шектелетіні хабарланып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 6 сәуір – Sputnik. Сейсенбі, 7 сәуірден бастап Тараз қаласы карантинге жабылады. Бұл туралы мемлекеттік комиссияның жедел штабы хабарлады.  

"Қазақстанның бас санитар дәрігерінің қаулысымен 7 сәуір сағат 00:00-ден бастап Таразда карантин енгізіледі. Бұл елдегі қауіпсіздік шараларын күшейтіп, коронавирустың таралуына жол бермеу мақсатында жасалды", - деп жазылған хабарламада.

Қоғамдық көлік сағат 7-00-ден 20-00-ге дейін жұмыс істейтін болады.

Қандай жағдайда үйден шығуға болады

  • жұмыс орнынан анықтама болған жағдайда тұрғылықты жерінен жұмыс орнына дейін және кері жүріп-тұру;
  • азық-түлік, дәрілік және медициналық бұйымдарды сатып алу;
  • медициналық көмекке жүгіну;
  • мемлекеттік және әлеуметтік көмек алу мақсатында мемлекеттік мекемелерге бару;
  • күтпеген төтенше жағдай және адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін басқа да жағдайлар кезінде.

Отбасы мүшелерін қоспағанда, адамдардың 3 адамнан артық топтасуына, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың ересек адамсыз жүруіне тыйым салынады.

Дәмханалар 10:00-ден 22:00-ге дейін тағамды клиентке жеткізу әдісімен ғана жұмыс істейді.

Жаңалықтар
0