01:45 01 Маусым 2020
Тікелей эфир
  • USD411.54
  • EUR458.13
  • RUB5.84
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
2029050

Гүлшара Әбдіқалықова бүгін үкімет отырысында маңызды мәселе көтерді, айтуынша, Қызылорда су торабын жөндеу өзекті болып тұр

НҰР-СҰЛТАН, 7 сәуір – Sputnik. Қызылорда су торабы бұзылса, облыстағы 38 елді мекенді су басуы мүмкін. Бұл туралы өңірдің жаңа әкімі Гүлшара Әбдіқалықова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Бүгінгі күні апатты жағдайда тұрған Қызылорда су торабын жөндеу мәселесі өзекті болып тұр. Егер Қызылорда су торабы бұзылса, онда өңірдегі, бұдан Құдай сақтасын, 38 елді мекенді су басып қалу қаупі бар. Сонымен қатар облыстың үш ауданы мен Қызылорда қаласының аумағындағы 110 мың гектар суармалы жер, 250 мың гектар шабындық пен жайылымдар сусыз қалады", - деді Әбдіқалықова үкімет отырысында.

Айтуынша, жоба құны 3,2 миллиард теңге, мемлекеттік сараптама бар.

"Жобаны іске асыру мерзімі екі жыл болғандықтан, ол жол картасына кірмей қалды. Өйткені біз бірден ауқымды жұмыстар істеуіміз керек. 500 миллиардтан бөлген ақша суға кеткендей болады. Сондықтан бірден екі жылға қомақты қаражатты қарап алуымыз керек. Сонымен қатар, бұл жерде маусымдық мәні бар. Көктемгі дала жұмыстары кезінде бастай алмаймыз. Тек күзде, егін біткеннен кейін бастауымызға болады", - деді аймақ басшысы.

Ол үкімет басшысы Асқар Маминнен экокономика, қаржы және экология минстрліктеріне осы мәселені қарауға тапсырма беруді сұрады.

Премьер министр жобаға тиісті қаржы бөлінетініне сендірді.

Тақырып бойынша

Қызылорда облысында бір үйдегі 8 адам COVID-19 жұқтырды  
Қызылорда облысында қызын ұзатқан әкеге айыппұл салынды
Гүлшара Әбдіқалықованың мәжілістегі орнына кім келді?
Қызылорда облысында коронавирус індетін жұқтырғандар көбейді  
Гүлшара Әбдіқалықова Серік Ахметовті орынбасары етіп тағайындады
Кілт сөздер:
Қызылорда облысы, Гүлшара Әбдіқалықова
Загрузка...

Басты тақырып