Өңірлер

Тұрғындар сәуірде жауған қардың видеосын жарыса бөлісіп жатыр

© Sputnik / СтрингерВ Костанае в апреле выпал снег
В Костанае в апреле выпал снег - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Көктемде қар жауып, ауа райының қолайсыздығына байланысты Қостанай облысындағы алты жол учаскесі жабылды

НҰР-СҰЛТАН, 7 сәуір — Sputnik. Қостанай облысында қар жауды. Желі қолданушылары видео бөлісіп жатыр, өңірде жолдар жабылды.

Синоптиктер болжағандай, 7 сәуір, сейсенбі күні Қостанайда қар жауып, ауа температурасы -1-3 градусқа дейін төмендеді. Желдің жылдамдығы орташа есеппен 12-23 м/с. Түнде 5-7 градус нөлден төмен болды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ASPHALT KZ (@asphalt.kz)

Сәрсенбі, 8 сәуір күні көшпелі бұлт, қар және жел болады деген болжам жасалып отыр.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Sergey Bakaushin (@sergey_bakaushin)

Сондай-ақ, қазақстандықтар Атырауда да қар жауғаны туралы жазып жатыр.

Қостанай облысында қандай жолдар жабылды

Екатеринбург - Алматы, 444-540 километр (Федоровка - Қостанай);

Екатеринбург - Алматы, 555-686 километр (Тобыл - Сарыкөл);

Қостанай – Әулиекөл - Сұрған, 3-106 километр (Қостанай - Әулиекөл)

Мамлютка - Қостанай, 250-404 километр (Ұзынкөл - Тобыл);

Қарабұтақ – Комсомольское – Денисовка – Рудный - Қостанай, 547-231 километр (Қостанай -  Ақтөбе облысымен шекара);

Денисовка – Жітікара - Мүктікөл - Ресеймен шекара, 0-50, 82-174 километр (Денисовка - Ресеймен шекара).

Жаңалықтар
0