11:40 07 Шілде 2020
Тікелей эфир
  • USD405.69
  • EUR455.51
  • RUB5.72
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
Коронавирус эпидемиясы (1081)
483 0 0

Бұл жағдай "ТШО" компаниясының жұмысына әсер етпейді. Барлық сақтық шарасы қолға алынды, жұмысшылардың барлығы жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілді

АЛМАТЫ, 8 cәуір – Sputnik. Теңіз мұнай кен орнында жұмыс істейтін 1970 жылы туған әйелден вирус анықталды. Әйел Ветернас вахталық ауылында тұрған. Бұл туралы coronavirus.kz сайты хабарлады.

Бүгін үш облыста бес адам коронавирус жұқтырғаны белгілі болды: Қызылорда облысында – 3 адам, Ақмола облысында – бір адам, Маңғыстау облысында – бір адам.  

Қызылорда облысында ауру жұқтырғандардың үшеуі Сырдария ауданының Амангелді ауылында тіркелді. Барлығы коронавирус инфекциясын жұқтырған адаммен байланыста болған. Олар карантиндік стационарға жатқызылып, сынама алынған. Нәтижесінде үшеуінен вирус анықталды.

Облыста 72 адам инфекция жұқтырған:

  • Қызылорда қаласында – 9 адам,
  • Жаңақорған ауданында – 16,
  • Қармақшыда – 4,
  • Шиеліде – 35,
  • Сырдария ауданында – 7,
  • Арал ауданында – 1 адам.

Маңғыстау облысында Жаңаөзен қаласында 1974 жылы туған әйелден COVID-19 инфекциясы анықталды. 7 сәуірде әйел пневмония симптомдарымен ауруханаға барған. Науқас дереу жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылып, сол күні сынама алынған. Қазір науқаспен байланыста болған азаматтар анықталып, медициналық бақылауға алынды.

Облыста тіркелген науқастардың жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланып отыр.

Соңғы ақпаратқа сәйкес, аймақта алты адам инфекция жұқтырған: Ақтау қаласында – 5 адам, Жаңаөзен қаласында – бір адам.

"Бүгін таңертең Атырау облысында төрт адамнан ауру анықталды: Атырау қаласында – 3 адам, Жылыой ауданында – 1 адам. Олардың барлығы вирус жұқтырғандармен тығыз байланыста болған", - делінген денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында. 

Арасында Теңіз мұнай кен орнында жұмыс істейтін 1970 жылы туған әйелден вирус анықталды. Әйел Теңіз кен орнында "ТШО" ЖШС ұйымдарының бірінде жұмыс істеген. Ветернас вахталық ауылында тұрған.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда коронавирусқа қарсы экспресс-тест тапсыру басталды 

Қазіргі уақытта әйел жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды, жауапты органдар байланыста болған адамдарды анықтады. Оларды карантиндік стационарларға оқшаулау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Алайда бұл жағдай "ТШО" компаниясының жұмысына әсер етпейді. Компания тарапынан барлық сақтық шарасы қолға алынған. Сондай-ақ, Теңіз мұнай кен орнында жұмыс істейтіндердің барлығы жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілген. Барлық объектіде дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп жатыр. Өндірістік кешенге кіреберісте төрт санитарлық бекет орнатылған.

 Соңғы ақпарат бойынша республикада ауруды жұқтырғандар саны 709-ға жетті. 53 адам жазылып шықты, жеті науқас қайтыс болды.

Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1081)

Тақырып бойынша

Қазақстанда 91 жастағы қария коронавирустан көз жұмды
Елордалық дәрігерлерге берілген сыйақының мөлшері жарияланды
Нұр-Сұлтанда үш науқас жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылды
Қазақстанда коронавирусты жұқтырғандардың саны 700-ден асты
Жамбыл облысы карантинге жабылады
Астаналық 31 дәрігерге 2 миллион теңгеден беріледі
Кілт сөздер:
мұнай кен орыны, коронавирус
Загрузка...

Басты тақырып