11:34 06 Шілде 2020
Тікелей эфир
  • USD405.69
  • EUR455.51
  • RUB5.72
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
Төтенше жағдай және карантин (491)
35610

Жамбыл облысы әкімінің орынбасары дәрігерлерді қорғау мәселесі облыс басшылығының тікелей бақылауында болатынын атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 11 сәуір – Sputnik. Жамбыл облысының әкімдігі инфекционист дәрігер Толқынай Ордабаева мен медициналық мекеменің қызметкері Қаламқас Төреқұлдың шағымы негізінде жүргізілген тексерістің қорытындысын жариялады.

"Көптеген мәлімет расталды. Ұжымда жағымсыз моральдық-психологиялық жағдай қалыптасқан десек, оған бірінші кезекте емдеу мекемесі басшылығының өз кәсіби міндеттеріне жауапсыз қарағандығы себеп болған", - деді Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Ержан Жылқыбаев Меркі аудандық ауруханасының медицина қызметкерлерімен және аудан тұрғындарымен кездесуде.

Ол заң бұзушылықтарға жол бергені үшін аурухананың бас дәрігерінің міндетін атқарушы Д.Нүсіпбаев, бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары Ж. Шойбекова және бас есепші З. Мұқаева қызметінен босатылғанын атап өтті.   

Сондай-ақ, Ержан Жылқыбаев жаңадан тағайындалған аурухананың бас дәрігері Райқұл Нұржановты таныстырып, оған заң бұзушылықтарды жою және ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалды қалпына келтіру бойынша маңызды міндеттер жүктеді.

COVID-19 жұқтырған дәрігер жазба жариялады: Жамбыл облысындағы оқиғаның мән-жайы

Облыс әкімінің орынбасары медицина қызметкерлерін қажетті қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету және материалдық қолдау үшін барлық мүмкіндік жасалатынын тілге тиек етті.

Жылқыбаев дәрігерлер Толқынай Ордабаева мен Қаламқас Төреқұлдың қандай да бір заңсыз іс-әрекеттен қорқуына негіз жоқ екенін, олар облыс басшылығының тікелей бақылауында болатынын айтты.  

Сонымен қатар, облыс әкімінің орынбасары денсаулық сақтау басқармасы басшысының және аудан әкімінің жеке жауапкершілігі туралы мәселені қарастыруға уәде берді.

Меркі ауруханасындағы жанжал

Айта кетейік, коронавирус жұқтырған инфекционист дәрігер Толқынай Ордабаева әлеуметтік желіде Меркі орталық аудандық ауруханасындағы бірқатар проблемаға шағымданды.

Ол жеке қорғаныс құралдары мен коронавирусты анықтауға арналған тестердің жетіспейтінін жазды. Шағым Қазақстан денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың назарын аударды. Ол бұл мәселенің басын ашуды тапсырып, оны жеке бақылауына алды.

Nur otan партиясының комиссиясы да заң бұзушылықтардың бар екенін растады және бас дәрігер мен аудан әкімінің орынбасарын партиялық жауапкершілікке тартты.  

Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин (491)

Тақырып бойынша

Президент дәрігерлерге үстемеақы төленгеннен кейін шағым түскенін айтты
Елордалық дәрігерлерге берілген сыйақының мөлшері жарияланды
Астаналық 31 дәрігерге 2 миллион теңгеден беріледі
Дәрігерлер қай өңірлерде коронавирус жұқтырғаны белгілі болды
Алматыда коронавирус табылған 14 адамның 12-cі медицина қызметкері болып шықты
Кілт сөздер:
шағым, дәрігер
Загрузка...

Басты тақырып