03:56 11 Тамыз 2020
Тікелей эфир
  • USD418.31
  • EUR491.93
  • RUB5.68
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
Төтенше жағдай және карантин (592)
5213 0 0

Журналистерінің кәсіби қызметін жүзеге асыруға қажетті журналистік куәлігі, жұмыс орнынан анықтамасы және төтенше жағдай режимі кезеңіндегі редакция тапсырмалары өзімен бірге болғаны айтылады

НҰР-СҰЛТАН, 12 сәуір – Sputnik. КТК телеарнасының Атырау қаласында журналистерді ұстауға қатысты ресми мәлімдеме жасады.

11 сәуірде телеарнаның Атырау облысындағы тілшілерінің түсірілім тобы жергілікті облыстық ауруханадағы оқиға туралы репортаж түсіруге шыққан.

Медициналық мекеме қызметкерлері – дәрігерлер мен медбикелердің мәлімдеуінше, оларды Махамбет ауданындағы туберкулезден емдейтін бұрынғы диспансердің ғимаратына карантинге жібермек болған. Дәрігерлер басшылықтан нақты жауап ала алмаған соң, барлық түйткілдерін республикалық телеарна эфирінде айтпақшы болған. Оқиға орнына жеткен арнаның меншікті тілшісі мен телеоператоры аурухананың ауласына еш кедергісіз кірген.

"Сол жерге бір топ медицина қызметкерлері жиналды. Медициналық мекеменің аумағына өтуге журналистерді сол жерде болған бірде-бір күзет,  ішкі істер органдарының қызметкерлері тоқтатпаған. Сондай-ақ,  аурухана ауласының жабық карантиндік аймақ екенін куәландыратын ешбір қоршау, ескерту белгілері болмаған", - деп жазылған мәлімдемеде. 

Журналистерінің кәсіби қызметін жүзеге асыруға қажетті журналистік куәлігі, жұмыс орнынан анықтамасы және төтенше жағдай режимі кезеңіндегі редакция тапсырмалары өзімен бірге болғаны айтылады.

Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері журналистер карантиндік аймаққа заңсыз кіргенін айтып, түсініктеме беруге полиция департаментіне алып кеткен. Ал дәрігерлер мен медбикелер бұған қатты ашуланып, полиция қызметкерлерінен түсініктеме талап етеді.

Болған жағдайға байланысты телеарнасы Атырау облыстық аурухана басшылығына, Атырау облысы әкімдігінің өкілдеріне, ІІД басшылығына бірқатар сауал жолдағанын хабарлады.

Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин (592)

Тақырып бойынша

Президент кеңесшісі төтенше жағдайдың ұзартылуына қатысты жазба жариялады
Карантинде жұмысын жалғастыра алатын кәсіпорындар тізімі қашан шығады
42 500-ді аласыз ба, әлде алмайсыз ба – енді өтінішті өзіңіз тексере аласыз
Дәрігер темекі шегетіндер үшін коронавирус қаншалықты қауіпті екенін айтты
"Назарбаев елге жариялап қойыпты": Әубәкіров қалай ғарышкер болғанын айтып берді
Загрузка...

Басты тақырып