08:53 27 Мамыр 2020
Тікелей эфир
  • USD413.12
  • EUR452.86
  • RUB5.82
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
Төтенше жағдай және карантин (393)
284 0 0

Шағын кәсіп пен халықты қолдау жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға айрықша назар аудару қажет

НҰР-СҰЛТАН, 15 сәуір – Sputnik. Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары қаралған кеңесте бүгінгі жағдайды тиімді пайдаланып, көрсеткіштерді қалпына келтіруге тырысу керек екенін айтты, деп хабарлады аймақ басшысының баспасөз қызметі.

Отырыста бюджет кірісіндегі көрсеткіштер ойдағыдай емес екені белгілі болды. Жергілікті бюджеттің шығындары 3,195 миллиард теңге болған.

"Карантин ерте ме, кеш пе аяқталады. Өмір ағымы өз арнасына түседі. Сондықтан бүгінгі жағдайды тиімді пайдаланып, көрсеткіштерді қалпына келтіруге тырысу керек. Ең алдымен, жергілікті жерлердегі ахуалдың нақты көрінісіне мұқият талдау жасап алу маңызды. Бүгін не істеу керекпіз, ертең не істей аламыз? Шағын кәсіп пен халықты қолдау жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға айрықша назар аудару қажет", - деді Бердібек Сапарбаев..

Оның айтуынша, бұл мақсатқа үкімет тарапынан ауқымды қаражат қарастырылып жатыр.

"Оны ұтымды ұқсата білейік. Бұл орайдағы жобалар өңір экономикасына жұмыс істеп, тұрғындардың табысын арттыруға ықпал етуі тиіс", - деп толықтырды өңір басшысы.

Сапарбаев өз орынбасарлары мен басқарма басшыларын "Еврохим" ЖШС, Амангелді мұнай өңдеу зауыты сияқты ірі кәсіпорындармен жүйелі жұмыс жүргізуге шақырды.

Оқи отырыңыз: Тоқаев Қазақстанда төтенше жағдай режимін ұзартты 

Өңірдің кейбір орта және шағын кәсіпорындарының тоқтап тұруына қатысты өзекті мәселелердің оңынан шешілуіне қол жеткізу қажет. Ал кәсіпорын басшылары жұмысшыларына қамқорлық жасауы тиіс. Жалақыны арттыру мәселесі де өзекті күйінде қалып отыр. Сондай-ақ, инвестиция тарту жөніндегі жұмыстарды жандандыра түсу керек.

Сапарбаев жауапты тұлғаларға карантиндік тәртіптің талаптары мен шарттарын қатаң сақталуын қамтамасыз ету қажеттігін ескертті. Сонымен қатар, ол жауапты тұлғалардың назарын коронавирустық инфекциямен күресте алдыңғы шептегі медицина қызметкерлері, полиция және басқа да мамандар үшін тиісті жағдайлар жасау керектігіне аударды.

Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин (393)

Тақырып бойынша

"Басқаша сөйлесеміз": Сапарбаев жұмысы шикі басқарма басшыларына шүйлікті
Тоқаев билік қандай кемшілік жібергенін айтты
Қазақстанда вирус жұқтырғандардың саны көбейді
Тура бір ай: төтенше жағдай қазақстандықтардың өмірін қалай өзгертті
Қытайдағы коронавирус: Қазақстан үкіметі қосымша 1,5 млрд теңге бөлді
Кілт сөздер:
карантин, Бердібек Сапарбаев
Загрузка...

Басты тақырып