Өңірлер

Қарағанды облысында карантин күшейтіледі

© Sputnik / Дархан МусинВиды города Караганды
Виды города Караганды - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Теміртау және Шахтинск қалаларында жеке көлікпен жүруге тыйым салынады. Тауар немесе тағам жеткізушілерге ғана рұқсат етіледі

НҰР-СҰЛТАН, 16 сәуір — Sputnik. Қарағанды облысында 18 сәуір 00.00-ден бастап шектеу шаралары енгізіледі, деп хабарлады шұғыл штаб. 

Жедел әрекет ету орталығының электрондық базасына енгізілген көліктерден басқаларына жүруге тыйым салынады.

Облыс қалалары мен аудандар арасында блок бекеттер орнатылуы тиіс. 

Сағат 22:00 - 05:00 аралығында карантин аймақтарында жеке көлікпен жүруге болмайды. 

Теміртау және Шахтинск қалаларында жеке көлікпен жүруге тыйым салынады. Тауар, тағам, дәрі-дәрмек жеткізушілерге ғана рұқсат етіледі.

Тағы оқыңыз: Қарттар үйіне коронавирусты кім "кіргізгені" белгілі болды

Азық-түлік дүкендері мен супермаркеттері сағат 22.00-ге дейін жұмыс істейді.

Қазіргі уақытқа дейін Қарағанды облысында 82 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды. Барлығы елде 1295 жағдай тіркелді.

Жаңалықтар
0