08:51 09 Шілде 2020
Тікелей эфир
  • USD409.98
  • EUR462.21
  • RUB5.75
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
192 0 0

Бюджет қаражаты бес жыл ішінде ұрланған, есепші әскери қызметшілердің жеке деректерінің орнына өзінің және туыстарының мәліметтерін қолданған

ПЕТРОПАВЛ, 25 сәуір – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланына қарасты Әскери институттың есеп айырысу бөлімінің есепшісі 27,8 миллион теңге бюджет қаржысын жымқырды деген күдікке ілінді, деп хабарлады облыстық тергеу жөніндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының орынбасары Сергей Потанин.

Оның айтуынша, қылмыс 2014 жылдың шілдесінен 2019 жылдың мамырына дейін жасалған.

Оқи отырыңыз: Алматы облысында әкім тергеуге алынды 

Тергеу күдіктінің Әскери институттың қаржы бөлімдерінде ұзақ уақыт қызмет еткенін және бос лауазымдар есебінен ай сайын бюджет қаражаты үнемделетінін білгенін анықтады.

"Ол әскери және азаматтық қызметшілердің жеке деректерін өзінің, жұбайының, сол институтта әскери қызметте тұратын достары мен таныстарының деректерімен алмастырған. Ол төлем жасау тізіміне әдейі жалған мәлімет енгізген", - деп ақпарат берді Потанин.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тікелей басшылардың қызметтік міндеттерін тиісті деңгейде атқармауы, бағынышты қызметкерлерге ведомстволық бақылаудың болмауы осыншалық ұзақ уақыт бюджет қаражатын жымқыруға ықпал еткенін атап өтті.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Әскери институттың кінәлі тұлғаларын өз міндеттерін тиісті деңгейде атқармағаны және бағынышты қызметкерлерге ведомстволық бақылау жасамағаны үшін қатаң тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы мәселені қарауды ұсынады", - деп түйіндеді Потанин.

Тақырып бойынша

Жемқорлықпен ұсталған әрбір төртінші адам – мемлекеттік қызметкер
Қазақстанда 10 лауазымды тұлғаның не үшін істі болғаны айтылды
"Астана" спорт клубының басшысы Нұр-Сұлтанда қамауға алынды
Қазақстанда өз еркімен берілген жемқорлардың аты-жөні аталды
Ардавичус ақшаны қалай жымқырған - агенттік түсініктемесі
Қазақстанда 11 шенеунік отставкаға кетуі мүмкін
Кілт сөздер:
жемқорлық, бюджет қаражаты
Загрузка...

Басты тақырып