18:01 03 Тамыз 2020
Тікелей эфир
  • USD418.00
  • EUR491.36
  • RUB5.69
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
Төтенше жағдай және карантин (576)
2516 0 0

Бұл жолы Жандарбек Бекшин алматылықтарға көшеде маскасыз жүруге болатынын құжат жүзінде бекітіп отыр

НҰР-СҰЛТАН, 29 сәуір - Sputnik. Алматылықтарға көшеде бетпердесіз жүруге ресми түрде рұқсат берілді. Қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин тиісті қаулы шығарды. 

Бекшин Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сәйкес, адам бір минутта қолын бетіне 3-5 рет тигізетінін айтты. 

"Адамдарға жабық ғимараттан тыс жерде бетперде тағу тек ұсынылып отыр. Алайда мұны орындамағандар жауапкершілікке тартылмайды", - деп жазылған хабарламада.

Ал жабық жерлерде бетпердемен жүру шарт. Бұған құлақ аспағандар жауапқа тартылады.

Қай жерде бетперде тағу керек

  • жабық ғимараттарда (дәріхана, дүкен, кеңсе, медицина ұйымдары және т.б., сондай-ақ, көлікте;
  • вирус жұқтырмаған адам COVID-19-ға шалдығуы мүмкін адамға көмектескен кезде;
  • коронавирус инфекциясына ұқсас ауру белгілері пайда болған жағдайда ( дене қызуының көтерілуі, жөтел, түшкіру).

Жандарбек Бекшин 22 сәуірдегі мәлімдемесінде алматылықтарға далаға бетпердесіз шығуға болатынын алғаш рет айтқан болатын. Ол осының арқасында маска тапшылығы мәселесі шешілетінін жеткізді. Бұған қоса, ашық ауада медициналық бетперденің тиімсіз болатынын айтты.

Алайда бір тәулік өткен соң ол бұл сөзінінен бас тартып, жұрт дұрыс түсінбегенін жеткізді.

Енді Жандарбек Бекшин алматылықтарға көшеде маскасыз жүруге болатынын құжат жүзінде бекітіп отыр.

Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин (576)

Тақырып бойынша

"Ешқайда кетпейді": бас санитар дәрігер коронавирусқа қатысты мәлімдеме жасады
Тоқаев төтенше жағдайды ұзарту туралы жарлыққа қол қойды
Бас санитар дәрігер: мамырдың соңына дейін 5 300 адам COVID-19 жұқтыруы мүмкін
Бекшин көшеде бетперде кию міндетті емес деген сөзін жоққа шығарды
Денсаулық сақтау министрлігі қай жерде бетперде тағып жүру керек екенін айтты
Кілт сөздер:
рұқсат, бетперде, көше, Алматы
Загрузка...

Басты тақырып