Өңірлер

Бекшин сұлулық салондарының не себепті ашылмайтынын түсіндірді

© Sputnik / Максим Богодвид / Медиабанкке өтуМаникюр
Маникюр - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қаланың бас санитар дәрігері салондағы маникюр, педикюр, шаш бояу секілді қызметтер ұзақ уақыт алатынын атап өтті

АЛМАТЫ, 30 сәуір – Sputnik. Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин сұлулық салондарының неге ашылмай тұрғанын айтты, деп жазады Sputnik Қазақстан тілшісі.

Айтуынша, сұлулық салонындағы қызметтердің басым бөлігі екі адамның жақын байланыста болуын талап етеді. Сол себепті аз уақыт алатын шаштараздарға жұмыс істеуге рұқсат берілді.

Оқи отырыңыз: Алматыда үш жүзден астам жастан Covid-19 табылды 

"Салондағы маникюр, педикюр, шаш бояу секілді қызметтер ұзақ уақыт алады. Ал қарапайым шаш қию жайлы айтар болсақ, оған орта есеппен 30-40 минут уақыт кетеді. Жеке шаштараз бен келуші арасындағы қашықтықты айтар болсақ, әрине, олар өте жақын байланыста болады. Шаштараз жоғарыдан қарап тұрып қызмет көрсетеді. Сондықтан қорғану шараларын іске асыру қиынға соғуы мүмкін. Соған қарамастан шаштараз қызметі аз уақыт алатынын ескеріп, осындай шешімге келдік", - деді Бекшин.

Сонымен қатар ол шаштаразға алдын ала жазылу керек екенін де айтып өтті.  

"Шаштаразға келіп кезек күтпес үшін міндетті түрде алдын ала жазылу керек. Клиент те, шаштараз да медициналық бетперде тағуы керек",- деді ол.

Айта кетейік, Қазақстанда шаштараздар 4 мамырдан бастап жұмыс істейді.

Жаңалықтар
0