Өңірлер

Тоқаев Түркістан облысындағы жағдайға байланысты жазба жариялады

© Sputnik / Владислав ВодневРезиденция президента Казахстана Акорда
Резиденция президента Казахстана Акорда - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мемлекет басшысы Түркістан облысы тұрғындарына көмек көрсетіліп, Өзбекстан үкіметімен келіссөздер жүргізіліп жатқанын айтты

НҰР-СҰЛТАН, 3 мамыр — Sputnik. Түркістан облысының 10 ауылын су басты, 22 мыңнан астам тұрғын эвакуацияланды, деп жазды президент Қасым-Жомарт Тоқаев.

"Өзбекстан аумағындағы Сардоба су қоймасы бөгетінің бұзылуы салдарынан Түркістан облысының 10 ауылын су басты. 22 мыңнан астам тұрғын эвакуацияланды. Оларға көмек көрсетіліп жатыр. Өзбекстан үкіметімен келіссөздер жүргізілуде", - деп жазды президент Twitter-дегі парақшасында.

Бұған дейін 3,6 мың гектардан астам егістік алқабын су басқаны хабарланған болатын. Алдын ала болжам бойынша 404 миллион теңне шығын келген.

Жеті елді мекеннен 3 115 бас ірі қара, 1 101 жылқы, 585 қой мен 34 түйе эвакуацияланған.

Еске сала кетсек, 1 мамыр таңғы сағат 05:10-да Сардоба су қоймасы бөгетінің төменгі бөлігі шайылып кетуіне байланысты Өзбекстанның Сырдария облысы Сардоба ауданының аумағында су жайылған.

Негізгі су ағынын азайту үшін өзбек тарапы суару каналдары желісіне шлюзді ашты.

Осыдан соң Түркістан облысы Мақтаарал ауданының шекара коллекторлары толып кетті, бұл судың каналдан шығып, елді мекендерді басып қалуына әкеп соқтырды.

Тағы оқыңыз: Түркістан облысында болған жағдай видеоға түсіп қалды

Мақтаарал ауданында шұғыл штаб құрылып, техногенді сипаттағы төтенше жағдай жарияланды.

Жаңалықтар
0