18:38 11 Шілде 2020
Тікелей эфир
  • USD412.55
  • EUR465.73
  • RUB5.79
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
502 0 0

2 мамырда Мақтаарал ауданында жергілікті ауқымда техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланып, жедел штаб құрылған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 5 мамыр – Sputnik. Өзбекстандағы су қоймасы бөгетінің жарылуы салдарынан Түркістан облысында 14 елді мекеннен 31 мыңнан астам тұрғын эвакуацияланды. Жеті елді мекенде су басу қаупі әлі жоғары. Бұл туралы облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Бүгінгі таңда 14 елді мекеннен 31 606 тұрғын эвакуацияланды. Оның ішінде 6127 тұрғыны бар бес елді мекенді су толығымен басты. Бұл Жеңіс, Жаңа тұрмыс, Фирдоуси, Өргебас және Достық елді мекендері. Жеті елді мекенде су басу қаупі әлі жоғары. Ал Мырзакент және Ақжолда қауіп сейілді. Тұрғындар үйіне оралды", - деді Шөкеев үкімет отырысында. 

Ол 2 мамырда Мақтаарал ауданында жергілікті ауқымда техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланғанын еске салды. Жедел штаб құрылған. 

Қызылорда, Жамбыл облыстары мен Шымкент қаласынан отыз мотопомпа, су жинағыш сораптар жеткізілген. 

Бұдан бөлек, Ұлттық ұланның әскери бөлімінен 413 әскери қызметкер мен 37  дана техника тартылды. Алматы қаласындағы Ұлттық ұланның құтқару батальонынан 320 әскери қызметкер және 26 техника жұмылдырылды. 

"Атакент кенті мен Мақтарал, Жамбыл ауылдық округтерінде мектептер базасында 14 қабылдау-эвакуациялылқ пункт ұйымдастырылды. Қазіргі таңда оларға 3200 адам орналастырылды, қалғандары туған-туыстарының үйінде", - деді әкім. 

Айтуынша, эвакуациялық пунктер қажетті құрал-жабдықпен, азық-түлікпен толығымен қамтамасыз етілген. 

Подтопления в Мактааральском районе Туркестанской области
© Photo : Пресс-служба комитета по чрезвычайным ситуациям
Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы ауылдардың жағдайы

Карантинді ескере отырып, 120 медицина қызметкері көмек көрсетіп жатыр. 

Еске сала кетсек, осы жылдың бірінші мамырында Өзбекстандағы Сырдария облысында Сардоба су қоймасының бөгеті бұзылды. Соның салдарынан Мақтаарал ауданындағы елді мекендерді су басып, төтенше жағдай орын алды.

 

Тақырып бойынша

Түркістан облысында болған жағдай видеоға түсіп қалды
Тоқаев Түркістан облысындағы жағдайға байланысты жазба жариялады
Түркістан облысындағы төтенше жағдай: үкіметтік комиссия құрылды
Үйлер мен мектеп су астында қалды: Түркістан облысында қазір не болып жатыр
Түркістан облысының әкімі халықты дүрбелеңге салынбауға шақырды
Кілт сөздер:
су, Түркістан облысы
Загрузка...

Басты тақырып