Өңірлер

"Қорқып кеттік": Түркістан қаласының әкімдігі тұрғындардан кешірім сұрады

© Photo : Пресс-служба акима Туркестанской областиВиды города Туркестан
Виды города Туркестан - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Дыбыстық дабыл арқылы күн сайын коронавирус індетінің алдын алу және орындайтын талаптар бойынша ақпарат айтылатын

НҰР-СҰЛТАН, 6 мамыр – Sputnik. Түркістанда коронавирус туралы ақпараттың орнына мүлдем басқа дыбыстық дабыл бергендер жазаланады. Қала әкімдігі тұрғындардан кешірім сұрады.

"Қаланың 32 жерінде орналасқан дыбыстық дабыл арқылы "әуе дабылы" беріліп, халық арасында түсініспеушілік болды. Қолайсыздықтар үшін қала тұрғындарынан кешірім сұраймыз", - деп жазылған ақпаратта.

Аталған дыбыстық дабылдан күнделікті коронавирус індетінің алдын алу және орындайтын талаптар бойынша ақпарат айтылатын. Техникалық ақауға байланысты мүлдем басқа дабыл қосылғаны айтылып отыр. Әкімдік кінәлі тұлғалар анықталып, тәртіптік жауапкершілікке тартылатынын хабарлады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Түркістан қаласы әкімдігі (@turkistan_qalasy_akimdigi)

"Қорқып кеттік қой", "Әуе дабылы деген дауыс шықты, түк түсініксіз", "Соғыс кезіндегі дабылды қойып, өте ұят", деп жазды Instagram қолданушылары.

Қазақстанда 16 наурызда төтенше жағдай режимі енгізілді. Осыған байланысты коронавирустан қорғану үшін қандай шаралар жасау керектігі жайлы қалаларда дыбыстық хабарлама жасалады.

Жаңалықтар
0