09:44 05 Маусым 2020
Тікелей эфир
  • USD399.51
  • EUR447.33
  • RUB5.78
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
23475 0 0

Түркістан облысының Мақтаарал ауданында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар жаңа немесе жөндеуден өткен баспанамен қамтамасыз етіледі

НҰР-СҰЛТАН, 9 мамыр – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстандағы Сардоба су қоймасы бөгетінің бұзылуы салдарынан зардап шеккен барлық тұрғын баспанамен қамтамасыз етіліп, біржолғы өтемақы алатынын айтты.

Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында жазды.

"Түркістан облысы, Мақтаарал ауданының су тасқынынан зардап шеккен тұрғындары жаңа немесе жөндеуден өткен баспанамен қамтамасыз етіледі. Олардың әрқайсысына республикалық бюджеттен 100 мың теңге беріледі. Жағдай бақылауда", - деп атап өтті мемлекет басшысы.

Оқи отырыңыз: Қазақстандық бизнесмен Мақтаарал ауданында үй салуға 6 миллион доллар бөлді 

Ол сондай-ақ су ресурстарын тиімді әрі әділ пайдалану мәселесі өзбек тарапымен тығыз байланыста шешілетінін хабарлады.

Қазақстанның оңтүстігіндегі су тасқыны

1 мамырда Өзбекстандағы Сардоба су қоймасының бөгеті бұзылды. Төтенше жағдай салдарынан 4 адам көз жұмып, біреуі із-түзсіз жоғалып кетті.

2 мамырда су Қазақстанға жетіп, Түркістан облысының көршілес Мақтаарал ауданындағы елді мекендерді басып қалды.

Өңірде техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланды. 31 мыңнан астам тұрғын эвакуацияланды.

Тақырып бойынша

Мақтааралға көмек ретінде жіберілген киімнің қалтасынан 3 мың доллар шықты – видео  
Су қоймасы апатынан зардап шеккендерге мыңнан астам үй салынады – Тоқаев  
Түркістан облысында су басқан ауылдардың әрбір тұрғынына 100 мың теңгеден төленеді
Ресейлік миллиардер Мақтааралда судан зардап шеккендерге 5 миллион доллар аударды
Қазақстан ауылдарды су басуына байланысты Өзбекстанға нота жолдамайды – СІМ
Кілт сөздер:
Қасым-Жомарт Тоқаев, су тасқыны
Загрузка...

Басты тақырып