15:13 14 Шілде 2020
Тікелей эфир
  • USD411.66
  • EUR465.92
  • RUB5.81
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
Төтенше жағдай және карантин (513)
10402 0 0

25 мамырға дейін Маңғыстау облысына кіріп-шығуға тыйым салынады. Жұмысқа шыққандар 1,5-2 метр қашықтықты сақтап, міндетті түрде маска киюі керек

НҰР-СҰЛТАН, 11 мамыр – Sputnik. Маңғыстау облысында карантин және шектеу шаралары ұзартылды.

Маңғыстау облысында коронавирусқа байланысты карантин 3 сәуірде енгізілді. Кейін ол 30 сәуірге және 11 мамырға дейін екі рет ұзартылды.  

Өңірдің бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерғали Садымановтың жаңа қаулысына сәйкес, карантин және шектеу шаралары 2020 жылдың 25 мамыры сағат 07.00-ге дейін ұзартылды.

Оқи отырыңыз: Бекшин төтенше жағдайдан кейінгі карантин туралы айтты 

25 мамырға дейін халықтың тіршілік әрекетін қамтамасыз ететін көліктерді қоспағанда, азаматтардың Маңғыстау облысына кіруіне және одан шығуына тыйым салынады, деп хабарлады Лада.

Тұрғындардың тіршілік әрекетін қамтамасыз ететіндерден басқа дамдарға облыстың қалалары мен аудандарының арасында жүруге тыйым салынады.

Жұмысқа шыққандар 1,5-2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтап, міндетті түрде маска киюі керек.

Сондай-ақ, қаулы өңірде спорт және басқа да қоғамдық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық және еске алу шараларын өткізуге, сауда және ойын-сауық орталықтарын, кинотеатрларды, театрларды, көрмелерді, фитнес-клубтарды және адам көп жиналатын басқа да нысандарды ашуға тыйым салады.

Барлық жеке және заңды тұлға қаулының талабын орындауға міндетті.

Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин (513)

Тақырып бойынша

Қазақстандағы төтенше жағдай: Тоқаев мәлімдеме жасайды
Эпидемия қаупі қалыпты өмірге оралуға кедергі болмауы тиіс – Біртанов
Тоқаев дезинфекция жасап жүрген жігітті таныды - видео
Жасы 85-тен асқан ардагерлер пойызбен тегін жүретін болады
11 мамырдан бастап Нұр-Сұлтанда не өзгереді - әкімдік жауабы
Кілт сөздер:
Маңғыстау облысы, карантин
Загрузка...

Басты тақырып