Өңірлер

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматыға не үшін келгені белгілі болды

© Sputnik / Тимур БатыршинАэропорт Алматы
Аэропорт Алматы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан президенті қаланың бірқатар инфрақұрылымдық нысанымен танысып, коронавирус індетін мобильді скрининг арқылы анықтау орталығына барады

АЛМАТЫ, 12 мамыр – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласына жұмыс сапарымен келді. Бұл жайында президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Президентті әуежайда Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев күтіп алды.

"Мемлекет басшысы сапар барысында қаланың бірқатар инфрақұрылымдық нысанының жаңғырту жобаларымен және құрылысымен танысады", - деп жазды Берік Уәли.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетін мобильді скрининг арқылы анықтау орталығына баратыны хабарланды.

Оқи отырыңыз: Тоқаев жоғары жалақы алатындардың салығын арттыруды ұсынды 

"Ботаникалық бақты қайта қалпына келтіру жұмысымен танысып, құрылысы жүріп жатқан әлеуметтік қызмет көрсету үйін аралап көреді", - деді баспасөз хатшысы.

Жаңалықтар
0