10:05 10 Шілде 2020
Тікелей эфир
  • USD410.70
  • EUR465.28
  • RUB5.80
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
Төтенше жағдай және карантин (499)
1455 0 0

Сенек ауылында ас берген үйден індет шығып, 20-дан астам адамға жұққан. Өңірде вирус көп тараған аудандар арасында Бейнеу мен Қарақия көш бастап тұр

НҰР-СҰЛТАН, 13 мамыр – Sputnik. Маңғыстау облысының Қарақия ауданына қарасты Сенек елді мекенінде 23 адам коронавирус жұқтырды, ауыл әкімі қызметінен босатылды.

 Індет алдымен көп адамды жиып, ас берген үйден шыққан. Кейіннен сол жиында болған біраз адамға жұққаны белгілі болды, деп хабарлады "Хабар 24".

Аядай ауылда карантин ережесін сақтауды қамтамасыз етпегені үшін облыс басшысының шешімімен ауыл әкімі жұмыстан шеттетілді. Ал аудан әкіміне сөгіс жарияланды.

Оқи отырыңыз: Қызылорда тұрғыны карантинде ауызашар берді - полиция 5 адамды жауапқа тартты 

Қазір ауылға кіреберіс тұсқа блок-посттар қойылып, күзет күшейтілді. Вирус көп тараған аудандар арасында Бейнеу мен Қарақия көш бастап тұр. Бейнеу ауданында 37 тұрғыннан КВИ анықталды. Арасында қоғамдық жұмыс өкілдері мен дәрігерлер де бар. Қазір бұл қос ауданда карантин режимі күшейтілген. Отбасылық жиын жасауға қатаң тыйым салынған.

Жалпы, 3 наурыздан бастап аймақта 11 186 адам коронавирусқа тексеріліп, індет 129 адамнан анықталды.

Айта кетейік, Маңғыстау облысында карантин 25 мамырға дейін ұзартылды.

"Облыс көлемінде тіркелген 129 науқастың бесеуі шетелден келген. Біз Стамбұлдан бір жолаушыны күтіп алдық, сосын Санкт-Петербург пен Астраханьнан студенттер келген. Жергілікті тұрғындардың саны – 36, оның 20-сы, өздеріңіз білесіздер, Атырау ТШО компаниясында жұмыс істеген. Сосын олармен қарым-қатынаста болған 88 адам бар", - деп түсіндірді облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерғали Сыдыманов.  
 

Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин (499)

Тақырып бойынша

Ақтау полицейлері балаларды аула ішінде қуу себебін түсіндірді – видео
"Тексергісі келген": министр төтенше жағдайды бұзғандар туралы айтып берді
Карантиндегі Алматыға кірмек болған тұрғындар қамауға алынды
Қызылорда облысында қызын ұзатқан әкеге айыппұл салынды
Петропавлда төтенше жағдай режимін бұзған жүргізуші қамауға алынды
Кілт сөздер:
Маңғыстау, коронавирус
Загрузка...

Басты тақырып