Өңірлер

Қазақстанда әскерилерді ұстау сәтінің видеосы желіде жарияланды

© Sputnik / Алексей Филиппов / Медиабанкке өтуАрхивное фото СИЗО
Архивное фото СИЗО - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Олар әскери бөлімде тамақтану қызметі бойынша кәсіпкерлікті жүзеге асыру кезінде пара алды деген күдікке ілініп отыр

НҰР-СҰЛТАН, 14 мамыр – Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қорғаныс министрлігіне қарасты басшыларды құрықтады. Олар әскерилердің тамағын ұйымдастырғаны үшін пара алды деген күдік бар, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

1-ші департаменттің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаровтың айтуынша, агенттіктің облыстық департаменті мен ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері алдымен Талдықорған гарнизонының әскери полиция бөлімі штаб басшысының орынбасарын қолға түсірді. Ол әскери бөлімшелерде тамақтануға қатысты кәсіпкерлік қызметке қамқорлық жасаған. Сол үшін пара алды деген күдікке ілініп отыр.

"Дәл сондай қылмыс үшін Талдықорған гарнизонының №18404 әскери бөлімінің командирі, тыл орынбасары мен азық-түлік қызметінің бастығына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Оларға әскери бөлімде тамақтану қызметі бойынша кәсіпкерлікті жүзеге асыру кезінде пара алды деген айып тағылып отыр", -  деді Биғайдаров бүгінгі онлайн брифингте.

Айта кетейік, Талдықорған гарнизонының №18404 әскери бөлімінде десанттық шабуылдаушы әскер шоғырланған. Әскери басшылар банк қосымшасы арқылы ақша алып отырған.

Жаңалықтар
0