11:51 02 Маусым 2020
Тікелей эфир
  • USD408.61
  • EUR454.09
  • RUB5.86
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
504 0 0

Қазгидромет республика бойынша ауаның сапасын бақылап отырады. Ал карантин енгізілгеннен кейін астана мен Алматыдағы жағдай ерекше бақылауға алынды

НҰР-СҰЛТАН, 15 мамыр – Sputnik. Карантин кезінде Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында ауаның сапасы жақсарды. Ал кейбір улы заттардың мөлшері 60 есеге азайған. Бұл туралы экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Оның айтуынша, бүгінде Қазгидромет республика бойынша ауаның сапасын бақылап отырады. Ал карантин енгізілгеннен кейін астана мен Алматыдағы жағдай ерекше бақылауға алынды.    

"Алматыға жасалған талдау бойынша қаланың төменгі жағында ауада қалқып жүретін PM 2,5 - PM 10 бөлшектерінің мөлшері шамадан асып тұр. Ондай қалдықтар, көбінесе, ЖЭС, ЖЭС-2 мен ЖЭС-3-тен шығады. Дегенмен, қаланың үстіңгі жағында газдардың айтарлықтай азайғаны байқалып отыр. Атап айтқанда, азот тотығы мен азот диоксиді төмендеді. Ал ауадағы фенолдың мөлшері өткен жылмен салыстырғанда  60 есеге азайған", - деді Пірімқұлов бүгінгі онлайн брифингте. 

Оның сөзіне қарағанда, карантин кезінде, көбінесе, көліктерден шығатын зиянды қалдықтардың көлемі төмендеді.

"Елорданың аумағында осындай қалдықтардың азайғаны тіркеліп отыр. Алайда ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар мен жылу электр станциялары өз жұмысын жалғастырды. Сондықтан осы нысандардан шығатын қалдықтар бар", - деп атап көрсетті Пірімқұлов. 

Вице-министр астананы газдандыру және Алматыда жылу электр станцияларын газға көшіру шаралары да оң нәтиже беретінін жеткізді. Сондай-ақ, Пірімқұлов ірі кәсіпорындардың өтінішіне қарамастан,  коронавирус пандемиясына байланысты жаңа Экология кодексін қабылдау кейінге шегерілмейтінін мәлімдеді.

Тақырып бойынша

Сакура гүлдеді: карантиндегі Алматы көктемінің көрінісі – фото
Төтенше жағдайдан кейін Нұр-Сұлтан мен Алматыда өмір қалай өзгерді – видео
"Бір аптада 45 келі балық жеп қойдық": 13 баласы бар отбасының карантиндегі өмірі
Экология министрі қалдыққа бай облыстарды атады
Кілт сөздер:
ауаның ластануы, Алматы, Нұр-Сұлтан, карантин
Загрузка...

Басты тақырып