17:12 11 Шілде 2020
Тікелей эфир
  • USD412.55
  • EUR465.73
  • RUB5.79
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
1415 0 0

Бұған дейін су тасқынынан зардап шеккен Шымкент пен Түркістан облысында қатты жауын болатыны хабарланды

НҰР-СҰЛТАН, 17 мамыр – Sputnik. Елдің бірнеше өңірінде дабылды ескерту жарияланды.

"Республика бойынша құбылмалы ауа райы сақталады. Кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік пен солтүстік-батыста дауыл, жауын, бұршақ болады", - деп хабарлады Қазгидромет.

Солтүстік Қазақстан облысында 18 мамыр күні найзағай, дауыл, бұршақ болады. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с-ке дейін жетеді. Түнде және таңертең тұман болуы мүмкін.

Ақмола облысында дауыл соғып, бұршақ жауады. Оңтүстіктен соққан желдің екіпін - 15-20 м/с. Көкшетауда күн күркіреуі мүмкін.

Қостанай облысында қатты жауын жауады, тұман мен бұршақ болады. Шығыстан соққан жел батыс желіне ауысады. Жылдамдығы секундына 15-20 метр.

Кешке 17 мамырда және түнде 18 мамырда таулы аймақта, күндіз 18 мамырда Түркістан облысында қатты жауын болады. Дауыл соғып, бұршақ жаууы мүмкін. Желдің екпіні 23 м/с-ке дейін жетеді.

Шымкентте күннің екінші жартысында нөсер жауын, дауыл болады. Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр.

Еске сала кетсек, Түркістан облысы мен Шымкент қаласы су тасқынынан зардап шеккен болатын.

Қызылорда облысында түнде жаңбыр болады. Оңтүстік-батыс, батыстан соққан желдің жылдамдығы - 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с.

Тақырып бойынша

Көкшетауда дауыл кезінде зардап шеккен екінші адам қайтыс болды
"Қазгидромет" синоптигі мамырда ауа райы қандай болатынын айтты
Атырау облысында дауыл бірнеше ғимараттың шатырын ұшырды
Облыстардың бірінде карантин мамыр айының соңына дейін ұзартылды
Ақмола облысында қатты жел ағаштарды жұлып, үйлердің шатырын ұшырды
Кілт сөздер:
дабылды ескерту, ауа райы болжамы
Загрузка...

Басты тақырып