02:11 26 Мамыр 2020
Тікелей эфир
  • USD414.13
  • EUR451.40
  • RUB5.80
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
1146 0 0

Алдағы тәулікте республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ пен дауыл болуы ықтимал

АЛМАТЫ, 18 мамыр –Sputnik. Төтенше жағдайлар комитетінің қызметкерлері қазақстандықтарды алдағы екі тәулікте республиканың бірнеше өңірінде жарияланған дабылды ескертулерге барынша мән беруге шақырады.

Синоптиктердің ескертуіне сәйкес, жауын-шашынның болуына және кей жерде жаңбырдың қатты жаууына байланысты, 18-19 мамыр күні Алматы, Түркістан облыстарының таулы аудандарында және Алматы қаласына іргелес аймақтарда өзендерде су деңгейі көтеріледі және су тасқыны болады.

18 мамырда Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл болып, бұршақ жауып, секундына 15-20 метр жел соғады.

Шымкентте жаңбыр қатты жауып, күн күркіреп, бұршақ жаууы ықтимал, желдің жылдамдығы – 15-20 м/c.

Қостанай облысының кей жерінде жаңбыр жауып, күн күркірейді, тұман түседі, бұршақ жауады, секундына 15-20 метр жел соғады.

Қызылорда облысының көп бөлігінде жаңбыр жауып, кей жерлерде күн күркірейді, жел екпіні 15-20, кей жерлерде секундына 23-28 метрге дейін жетеді.

Маңғыстау облысының кей жерінде тұман түсіп, найзағай ойнайды, желдің жылдамдығы – секундына 15-20 метр.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде найзағай ойнап, дауыл болады, бұршақ жауып, тұман түседі, жылдамдығы секундына 15-20 метр жел соғады.

Түркістан облысының таулы аймақтарында кей жерде жаңбыр қатты жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жауады, жел екпіні – 23 м/с.

Қолайсыз ауа райынан қалай қорғану керек?

Төтенше жағдайлар комитеті азаматтарды ауа райының өзгерісін бақылап отыруға және дабылды ескерту туралы хабарламаларды ескеруге, барлық сақтық шарасын сақтауға шақырады.

Дауыл кезінде, желдің екпіні секундына 15-30 метрге жеткен кезде үй мен пәтердегі есік-терезелерді жабу ұсынылды. Әйнектелмеген балкондар мен лоджиялардан қатты жел кезінде түсіп кетуі мүмкін барлық затты (құмыра, банка, жәшік, бөтелке және т.б.) алып тастау керек.

Көшеде жүрген кезде дауыл басталса, жарнамалық қалқандар мен басқа да ілулі тұрған заттардан, автобус аялдамаларынан, электр желілерінен, сондай-ақ ағаштардан мүмкіндігінше алыс тұру керек. Қатты жел басталса, жақын маңдағы ғимаратқа немесе кез келген жабық жерде желдің басылуын күту қажет.

Әсіресе, үлкен ағаштардың астында қалмауды және олардың астында автокөлік тұрмағанын мұқият қадағалау керек, өйткені ағаш құлап кетуі мүмкін. Шіріген және ескі, сондай-ақ, жалғыз тұрған ағаштар ерекше қауіп төндіреді.

Тақырып бойынша

Көкшетауда дауыл кезінде зардап шеккен екінші адам қайтыс болды
Атырау облысында дауыл бірнеше ғимараттың шатырын ұшырды
Оңтүстікте үйлерін су басқан тұрғындар өтемақыны қашан алады
Ақмола облысында қатты жел ағаштарды жұлып, үйлердің шатырын ұшырды
Қазақстанда дауылды жел 160 ғимараттың шатырын ұшырып әкетті
Кілт сөздер:
дабылды ескерту, өңірлер, Қазақстан
Загрузка...

Басты тақырып