Өңірлер

Түркістан облысында селден зардап шеккендерге 300-ден астам үй салына бастады

© Photo : Пресс-служба премьер-министра Республики Казахстан Роман Скляр и аким Туркестанской области Умирзак Шукеев ознакомились с ликвидацией последствий ЧС и провели встречи с населением
 Роман Скляр и аким Туркестанской области Умирзак Шукеев ознакомились с ликвидацией последствий ЧС и провели встречи с населением - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанның вице-премьері Роман Скляр Мақтаарал және Төле би аудандарындағы қалпына келтіру жұмыстарын тексерді

АЛМАТЫ, 19 мамыр – Sputnik. Түркістан облысында су тасқынынан қирап, зақымданған үйлерді қалпына келтіру және салу жұмыстары басталды.

Премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр тұрғын үйлерді, әлеуметтік маңызы бар нысандарды қалпына келтіру жұмыстарының барысын тексерді, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.

© Photo : Пресс-служба правительстваРоман Скляр мен Өмірзақ Шөкеев төтенше жағдай салдарын жою жұмысымен танысып, тұрғындармен кездесті
Түркістан облысында селден зардап шеккендерге 300-ден астам үй салына бастады - Sputnik Қазақстан
Роман Скляр мен Өмірзақ Шөкеев төтенше жағдай салдарын жою жұмысымен танысып, тұрғындармен кездесті

Роман Скляр мен Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев төтенше жағдай салдарын жою жұмыстарымен танысып, Төле би ауданының ауыл тұрғындарымен кездесу өткізді. Сондай-ақ, Мақтарал ауданының су басқан аумақтарын аралады.

Мырзакент кентіндегі жеке үй құрылысына 70 гектар жер телімі бөлінген жаңа шағын ауданның құрылыс жұмыстарын тексерді. Үкімет резервінен тұрғын үй салу, инженерлік-инфрақұрылымдық шығындарға, су құбыры желілерін қайта жаңарту және қалпына келтіру, көлік инфрақұрылымын қалпына келтіру үшін қаражат бөлінген.

© Photo : Пресс-служба правительстваРоман Скляр Мырзакенттегі жаңа шағын ауданның құрылысымен танысты
Түркістан облысында селден зардап шеккендерге 300-ден астам үй салына бастады - Sputnik Қазақстан
Роман Скляр Мырзакенттегі жаңа шағын ауданның құрылысымен танысты

Жаңа шағын ауданның құрылысында 32 мердігер ұйым жұмыс істеп жатыр, 313 үйдің құрылысы басталды. Құрылыс алаңында 900-ге жуық құрылысшы мен 70 арнайы техника жұмыс істеп жатыр.

Роман Скляр қираған үйлерді, көлікжәне инженерлік инфрақұрылым нысандарын қалпына келтіру, су басқан аумақтардан суды сору жұмыстарының қарқынын төмендетпеуді тапсырды. 

© Photo : Пресс-служба правительстваТүркістан облысында селден зардап шеккендерге арналған 300 үй салына бастады
Түркістан облысында селден зардап шеккендерге 300-ден астам үй салына бастады - Sputnik Қазақстан
Түркістан облысында селден зардап шеккендерге арналған 300 үй салына бастады

Еске сала кетсек, бірінші мамырда Өзбекстанның Сырдария облысында Сардоба су қоймасының бөгеті жарылып, алты адам қаза болды.

Қазақстанның оңтүстігінде бірнеше ауыл зардап шекті. 1030 үй мен мектеп, балабақша, медициналық объектілерді су басты. Елді мекендерден 31 мыңнан астам адам көшірілді. Түркістан облысында техногендік сипаттағы төтенше жағдай режимі жарияланды. Қазіргі уақытта барлық үйден су сорылды.

Сонымен қатар мамырда жаңбыр жауып, Түркістан облысының Төле би ауданында су тасқыны болды. Ауданда алты елді мекенде 250 тұрғын үй ауласын, 76 үйді су басты.

Жаңалықтар
0