10:00 05 Маусым 2020
Тікелей эфир
  • USD399.51
  • EUR447.33
  • RUB5.78
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
Төтенше жағдай және карантин (413)
71 0 0

Өңірде сауда және ойын-сауық орталықтары іске қосылады, бірақ әзірге ойын алаңдары мен кинотеатрлар жұмыс істемейді

ПАВЛОДАР, 21 мамыр – Sputnik. Павлодар облысының бас санитар дәрігерінің қаулысымен өңірде сауда және ойын-сауық орталықтары ашылып жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Оқи отырыңыз: Қазақстанның тоғыз өңірінде ХҚКО ашылды

Облыстың бас санитар дәрігері Зәмзәгүл Дощанованың қаулысына енгізілген өзгертулер мен толықтыруларға сәйкес, 21 мамыр, бейсенбіден бастап өңірдегі сауда және ойын-сауық орталықтары өз жұмысын қайта бастайды.

Олардың жұмыс режимі 10.00-ден 17.00-ге дейін.

Сонымен бірге сауда орталықтарында санитарлық-дезинфекция режимі күшейтілуі тиіс, маска режимі мен әлеуметтік қашықтық сақталуы керек. Заң бұзушылықтар анықталған жағдайда дереу Қазақстанның қолданыстағы заңнамасына сәйкес шаралар қабылданады.

"Сонымен қатар ойын-сауық алаңдары (ойын алаңдары, кинотеатрлар және басқа да көңіл көтеретін орындар) әзірге жұмыс істемейді", - делінген жаңа құжатта.

Бүгінгі таңда Павлодар облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 167 пациенттің 141-і сауығып шықты.

Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин (413)

Тақырып бойынша

Қазақстанның екі қаласында қоғамдық моншалар іске қосылады  
Нұр-Сұлтанда орталық базар ашылды
Нұр-Сұлтанда қатаң карантин қайта енгізілуі мүмкін - әкімдік мәлімдемесі
Нұр-Сұлтанда мешіттер мен дәмханалар ашылды – видео
Қазақстанда вокзалдар қалай жұмыс істейді
Кілт сөздер:
карантин, Павлодар облысы, сауда орталықтары
Загрузка...

Басты тақырып